2025-10-13 03:19:51Бірыңғай сауда аккаунты (UTA) белгілі бір жағдайларда активтерді қарызға алуға және өтеуге мүмкіндік береді. Бұл мақала жүйенің қалай жұмыс істейтінін, соның ішінде қарызға алудың қалай іске қосылатынын, пайыз қалай есептелетінін және өтеу процесін түсіндіреді.
Қарызға алу
UTA аккаунтында қарыз алу белгілі бір сценарийлерде автоматты түрде іске қосылады. Қолмен қарыз алуға қолдау көрсетілмейді.
Формула
-
Кросс маржа
Қарызға алынған сома = ABS [мин. (0, капитал − опцион сатып алудың бастапқы маржасы - оң опцион құны − қатырылған актив)]
-
Портфельдік маржа
Қарызға алынған сома = ABS [мин. (0, капитал − қатырылған актив)]
Капитал = активтің әмияндағы балансы + мерзімсіз және фьючерстік UPL + опциондар құны
Қарызға алу сценарийі
Төмендегі сценарийлердің кез келгені қарызға алу сомасын туыдрғанда, жүйе активті автоматты қарызға алуды өңдейді.
|
Сценарий |
Мысалы |
|
Тиісті транзакцияны жабу үшін әмияндағы баланс жеткіліксіз |
|
|
Мерзімсіз және фьючерстік келісімшарттар іске асырылмаған шығындарды жазады |
|
|
USDC әмиян балансынсыз орналастырылған опциондарды сатып алу лимиттік ордері |
|
|
USDC опциондары позицияларының құнының төмендеуі |
Опцион құнының төмендеуі қарызға алынған сомаға әкелуі мүмкін.
Опцион құны = белгіленген баға х мөлшер |
|
Споттағы маржа саудасы функциясы қосылғанда, активтер маржа саудасы үшін қарызға алынады. |
|
Қарызға алу лимиті
Барлық пайдаланушыларға негізгі аккаунтында және қосалқы аккаунттарында ортақ максималды қарызға алу лимиті қолданылады. Қарыз алу лимиттері тиын және VIP деңгейі бойынша өзгеріп отырады. Қосымша мәліметтер алу үшін Маржа деректері бетіне кіріңіз.
Мысалы, USDT үшін максималды қарызға алу лимиті 2 500 000 USDT болса, негізгі аккаунттағы және екі қосалқы аккаунттағы (А және В) біріктірілген қарызға алынған сома осы лимиттен аспауы керек. Бұл лимиттен асу автоматты өтеуді іске қосуы мүмкін.
Пайыз
Қарыз алу орын алған кезде пайыз жиналады. Дегенмен, кейбір қарыздарда пайыз жиналмайды; кейбіреулері пайызсыз ауқымға түсуі мүмкін. Қарыздарды екі түрге бөлуге болады: іске асырылған қарыз және іске асырылмаған қарыз.
Іске асырылған қарыз: Пайыз жиналады.
Іске асырылған қарыз: Пайызсыз қарыз алудың максималды сомасы лимитінде болса, пайызсыз болуы мүмкін.
Пайыз сценарийі
Қарыз алу сценарийлерін түсіну қандай қарыздардың іске асырылған немесе іске асырылмаған екенін және оларда пайыз жиналатын-жиналмайтынын анықтауға көмектеседі.
|
Сценарий |
Іске асырылған қарыз алу |
Түсіндірме |
|
Тиісті транзакцияны жабу үшін әмияндағы баланс жеткіліксіз |
Иә |
Әмиян балансын азайтатын транзакциялар, мысалы, сауда комиссиялары, қаржыландыру комиссиялары немесе жабылған позициядағы шығындар іске асырылған шығыстар болып табылады. Қарызға алынған сома іске асырылған қарыз деп саналады және пайыз жиналады. |
|
Мерзімсіз және фьючерстік келісімшарттар іске асырылмаған шығындарды жазады |
Жоқ |
Іске асырылмаған шығындар позиция шығынмен жабылғанға дейін іске асырылған қарыз ретінде қарастырылмайды. Бұл сома пайызсыз ауқымға түссе , пайызсыз болып табылады. |
|
USDC-сіз орналастырылған опциондарды сатып алу лимиттік ордері |
Иә |
Опциондар ордері орналастырылғанда, USDC қарызға алынады және ордер орындалған кезде ол сыйлықақыны төлеу үшін пайдаланылады. Опциондарды сатып алу лимиттік ордері үшін кез келген қарызға алынған сома іске асырылған қарызға алу деп есептеледі және пайыз жиналады. |
|
USDC опциондары позицияларының құнының төмендеуі |
Жоқ |
Іске асырылмаған шығындарға ұқсас, құнның кез келген төмендеуі опцион жеткізілгенше немесе позиция жабылғанша іске асырылмаған болады. Ол пайызсыз ауқымға түссе, бұл пайызсыз болып табылады. |
|
Споттағы маржа саудасы функциясы қосылғанда, активтер маржа саудасы үшін қарызға алынады. |
Иә |
Спот маржа саудасында, ордерлерді орналастыру үшін нақты спот активтері қарызға алынады. Ордердің орындалған-орындалмағанына қарамастан, спот маржа саудасындаағы кез келген қарызға алынғаан сома іске асырылған қарызға алу деп есептеледі және пайыз жиналады. |
Пайыздың жиналуы және оны есептеу
Іске асырылған қарызға алу
Пайыз пайда болғаннан кейін сағат сайын жиналады.Жүйе пайызды әрбір сағаттан бес минуттан кейін автоматты түрде есептейді және алады, мысалы, 8:05 UTC немесе 9:05 UTC, т.б. Бұл сол уақыттағы пайыздық мөлшерлемеге және қарыз сомасына негізделеді.
Бірыңғай сауда аккаунты үшін пайыздық мөлшерлеме бекітілмеген және нақты уақытта өзгеруі мүмкін. Пайыздық мөлшерлеме қалай алынатыны туралы қосымша ақпаратты мұнда қараңыз: Bybit Kazakhstan қалқымалы пайыздық мөлшерлеме жүйесі.
Іске асырылған қарызға алу
Пайызсыз қарызға алудың максималды сомасы шеңберінде болса, іске асырылмаған қарызға алу пайызсыз болуы мүмкін. Егер іске асырылмаған қарыз сомасы пайызсыз ауқымнан асып кетсе, әрбір сағаттан бес минуттан кейінгі сомаға негізделе отырып бүкіл қарызға алынған сома үшін пайыз алынады. Пайызды есептеу іске асырылған қарызға алумен бірдей болады.
Формула
Сағат сайынғы пайыз төлемі = қарызға алынған сома х сағат сайынғы пайыздық мөлшерлеме
Максималды пайызсыз сома
UTA пайызсыз қарыз алу лимитін ұсынады. Ол VIP деңгейіне қарай өзгеріп отырады.
|
VIP деңгейі |
USDT макс. Пайызсыз сома |
USDC макс. Пайызсыз сома |
|
VIP емес |
30 000 |
15 000 |
|
VIP 1-3 |
50 000 |
25 000 |
|
VIP 4-5, Жоғарғы VIP, Pro 1-5 |
70 000 |
35 000 |
Ескертпелер:
— Пайызсыз максималды сома әр аккаунт бойынша есептеледі. Бұл әрбір негізгі аккаунттың немесе қосалқы аккаунттың бөлек пайызсыз сома квотасы болады дегенді білдіреді.
— Параметрлер нарықтық жағдайларға негізделе отырып өзгертілуі мүмкін. Bybit Kazakhstan пайдаланушыларға алдын ала хабарлайды.
Айыппұл пайызы
Айыппұл пайызы қарызға алынған сомаңыз максималды қарызға алу лимитінің 100%-ынан асқанда алынады. Формула:
Формула
Айыппұл пайызының төлемі = қарызға алынған сома х сағат сайынғы пайыздық мөлшерлеме х (пайдалану арақатынасы)3
Мысалы
Ағымдағы қарызға алу сомасы 3 000 000 USDT болса және максималды қарызға алу лимиті 2 500 000 болса әрі сағат сайынғы пайыздық мөлшерлеме 0,0001% болса, айыппұл пайызының төлемі келесідей есептеледі:
Пайдалану арақатынасы = 3 000 000/2 500 000 = 120%.
Айыппұл пайызы = 3 000 000 × 0,0001% × (1,2)3 = 5184 USDT
Өтеу
Қолмен өтеу
Қазіргі уақытта трейдерлер төменде көрсетілген бірнеше әдіс арқылы UTA аккаунтында қолмен өтеулерді орындай алады:
-
«Өтеу» түймесін пайдаланыңыз: Өтеу үшін бірыңғай сауда аккаунтына өтіп, Өтеу түймесін басыңыз. Жалпы өтеу сомасына 0,1% өтеуді өңдеу комиссиясы (маржа активтерінен қарызға алынған тиындарға конвертациялау комиссиясы) алынады. Қосымша мәліметтер алу үшін мұнда кіріңіз.
-
Депозиттеулер немесе аударымдар: Басқа аккаунттан бірыңғай сауда аккаунтыңызға тиісті қарызға алынған сомадағы активтерді депозиттеңіз немесе аударыңыз. Қарызға алынған сома әмияныңыздың балансынан бірден шегеріледі.
-
Активтерді сату: «Спот саудасы» арқылы маржа активтерін өзіңіз қарызға алған активтерге сатыңыз. Дегенмен, бастапқы маржа арақатынасы (IMR) 100% болған жағдайда, трейдерлерге кепіл құнының арақатынасы төменірек активтерді кепіл құнының арақатынасы жоғары активтер арқылы сатып алу үшін ордерді орналастыруға рұқсат етілмейтінін ескеріңіз. Кепіл құнының арақатынасын мұнда көруге болады.
Автоматты өтеу
Автоматты өтеу іске қосылса, жүйе несиені өтеу үшін индекстік баға негізінде басқа оң баланстық активтерді қарызға алынған монетаға автоматты түрде түрлендіреді.
Автоматты өтеу сценарийлері
Келесі сценарийлерде автоматты өтеу іске қосылады.
1. Минималды маржа мөлшерлемесі (MMR) ≥ 100%: Автоматты өтеу процесі 2% өңдеу комиссиясымен қарыздар толығымен өтелгенше іске қосылады.
2. Қарыз алудың максималды лимитінен асып кету: Максималды қарызға алу лимитіне жеткенде, қарызға алынған сома максималды қарызға алу лимитінің 90%-ына дейін азайғанша автоматты өтеу процесі іске қосылады. Өтеуді өңдеу комиссиясы 1% болады. Қарыздары бар барлық аккаунттардың арасында, жүйе өтеу үшін аккаунтты төмендеу ретімен өтеуді басымдық етеді: ең жоғары қарызға алынған сомасы бар аккаунттардан бастап, ең аз қарызға алынған сомасы бар аккаунттармен жалғастырады.
Автоматты өтеу процесі
Bybit Kazakhstan максималды қарыз алу лимитінен асатын пайдаланушылардың сценарийіне ғана қолданылатын кешіктірілген автоматты өтеу механизмін қолдайды.
Қарызға алу лимиті 100%-ға жеткенде, жүйе трейдерлерге еске салғыш ретінде электрондық хат арқылы хабарландыруды жібереді. Қарызға алынған сома максималды қарызға алу лимитінің 100%-ынан төмен түскенде, аккаунтыңыз қауіпсіз деңгейге оралады. Дегенмен, үздіксіз 24 сағаттық кезең бойы аккаунттың қарызға алынған сомасы 100%-да немесе одан жоғары деңгейде қалса я болмаса 200%-ға жетсе (қайсысы бірінші келсе), жүйе автоматты өтеуді бастайды. MMR ≥ 100% болатын сценарийлер үшін кешіктірілген автоматты өтеу механизмі қолданылмайтынын ескеріңіз.
Автоматты өтеу процесі келесідей:
1-қадам: Жүйе қатырылған баланстарды босату үшін спот/спот маржа саудасындағы белсенді ордерлерден (яғни, лимиттік ордерлерден немесе TP/SL ордерлерінен) және қарызға алынған активтерді ұстап тұрған опциондарды сатып алу ордерлерінен бас тартады.
2-қадам: Бірыңғай сауда аккаунтындағы оң капиталы және ешқандай қарызға алынған сомасы жоқ активтер спот/спот маржасы немесе опциондарды сатып алу белсенді ордерінен бас тартусыз өтеу үшін қарыздағы активтерге автоматты түрде конвертацияланады. Активтер мұнда көрсетілген өтімділік реттілігіне сәйкес сатылады.
3-қадам: Өтейтін қарыздағы активтерге автоматты түрде айырбастау үшін өтімділік реттілігіне сай басқа тиындардың қатырылған балансын босату үшін спот/спот маржасы және опциондарды сатып алу белсенді ордерінен бас тартыңыз.
Ескертпелер:
— Автоматты өтеу 1-қадамнан 3-қадамға дейін, қарызға алу сомасы максималды қарызға алу лимитінің 90%-ына дейін азайғанша (максималды қарызға алу лимиті сценарийінен асу үшін) немесе барлық қарыздар толығымен өтелгенше (MMR ≥ 100% сценарийі үшін) жалғасады.
— Трейдерлерде бірнеше тиын түрінде алынған қарыздары болған жағдайда, стейблкойндар ұстанатын өтімділік реттілігіне сай жүйе алдымен стейблкойндар емес тиындарды өтейді.
— Автоматты өтеу процесінен кейін MMR 100%-дан жоғары болып қалса, деривативтер позициясының ликвидациясы басталады. Қосымша мәліметтерді Сауда ережелері бөлімінде қараңыз: Ликвидация процесі (бірыңғай сауда аккаунты).
Қарызға алулар, пайыздар және өтеулер тарихын көру
Қарызға алулар тарихы
Қарызға алулар тарихын көру үшін қолданбада «Активтер» беті → Бірыңғай сауда аккаунты тармағына өтіңіз және Қарызға алулар тармағын түртіңіз.
Қарызға алулар тарихында сіз әрбір тиынның астында қарызға алу мәліметтерін, соның ішінде қарызға алынған соманы, сағат сайынғы пайыздық мөлшерлемені, максималды қарызға алу сомасын, пайдалану арақатынасын және қарызға алынған соманы (пайызсыз) көре аласыз.
-
Максималды қарызға алу сомасы: Әрбір тиын үшін максималды қарызға алу лимиті және осы лимит негізгі аккаунтыңыз бен қосалқы аккаунттарыңыз арасында бөлісіледі.
-
Пайдалану арақатынасы: Бұл негізгі аккаунтыңыз бен қосалқы аккаунттарыңыз арасындағы қарызға алу лимитінің пайдалану арақатынасын көрсетеді.
-
Қарызға алынған сома (пайызсыз): Бұл жүзеге асырылмаған шығыннан туындайтын қарызға алынған соманы және пайыз төлемінен босатылған соманы көрсетеді.
Пайыздар жазбасы және өтеулер тарихы
Қолданбада Активтер → Бірыңғай сауда аккаунты → Транзакциялар журналы тармағына өтіңіз және тиісті транзакция түрлерін сүзіңіз.
Өтеулер тарихын көру жолы туралы қосымша мәліметтерді мұнда қараңыз.