Сыйақы Ұпайлары
Сыйақы ұпайларын қалай жинаймын?
Bybit Pay Kazakhstan арқылы төлем жасаған кезде сіз сыйақы ұпайларын жинай аласыз. Назар аударыңыз: тек саудагерлерге жасалған төлемдер немесе Bybit серіктес сайтындағы сатып алулар ғана сыйақы ұпайларын алуға жарамды.
Шығын қалай есептеледі?
Bybit Pay Kazakhstan арқылы бір ай ішінде жасаған жалпы шығыныңыз жинақталып, сіздің деңгейіңіз бен кэшбэк мөлшерлемеңізді анықтау үшін есептеледі.
Bybit Pay Kazakhstan арқылы транзакция жасағаннан кейін сыйақы ұпайларын қашан аламын?
Транзакция сәтті аяқталғаннан кейін ұпайлар аккаунтыңызға есептеледі. Алайда ұпайларды есептеу 4 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін. Қалыпты жағдайда және аккаунтыңызда шектеу болмаса, сыйақы ұпайларын 4 күннен кейін пайдалана аласыз.
Сыйақы ұпайларының жарамдылық мерзімі бар ма?
Жоқ, сыйақы ұпайларының мерзімі шектелмеген.
Келесі деңгейге өту барысын қалай тексеремін?
Bybit Pay Kazakhstan бетіне кіріп, Кэшбэк бөлімін ашу арқылы прогресті көре аласыз. Назар аударыңыз: шығын есебі мен прогресс әр күнтізбелік айдың 1-күні жаңартылады.



Келесі айда ағымдағы деңгейді қалай сақтауға болады?
Жоғары деңгейге өткен кезде ол келесі күнтізбелік айға ауыстырылады және сол айдың соңына дейін жарамды болады. Деңгейді сақтау үшін ай ішінде талап етілген шығын көлеміне жетуіңіз қажет. Әйтпесе, айлық шығын шегіне сәйкес деңгейіңіз төмендетіледі.
Ескертпелер:
- VIP қолданушылар әдепкі деңгейден төмен түспейді және кепілдендірілген кэшбэк мөлшерлемесіне ие болады.
- Қосымша ақпарат алу үшін осы мақаланы қараңыз.
Айлық шығын арқылы ашылған деңгей қанша уақыт жарамды болады?
Шығын көлеміне байланысты ашылған деңгей келесі айдың соңына дейін жарамды болады.
VIP деңгей арқылы ашылған деңгей қанша уақыт жарамды болады?
VIP деңгейіне байланысты берілген деңгей бірден қолданылады және сіздің VIP мәртебеңіз сақталғанша белсенді болады. Егер VIP деңгейі көтерілсе немесе төмендетілсе, деңгейіңіз сәйкесінше бірден жаңартылады. Толық ақпаратты тиісті мақаладан қараңыз.
VIP емес немесе төмен VIP деңгейінде жоғары деңгейге өте аламын ба?
Иә. Айлық шығын шегіне жету арқылы жоғары деңгейге өте аласыз. Мысалы, бір ай ішінде 6 000 АҚШ доллары көлемінде шығын жасасаңыз, сіз 3-деңгейге (Alpha) өтесіз.
Фиат төлемдері кэшбэк ұпайларын алуға жарамды ма?
Жоқ. Фиат төлемдерінен кэшбэк ұпайлары есептелмейді. Тек криптовалюта арқылы жасалған төлемдер ғана жарамды.
Сыйақылар нарығы
Сыйақылар нарығында айырбастау неге сәтсіз болуы мүмкін?
Айырбастау сәтсіз болуының бірнеше себебі бар:
- Ұпай жеткіліксіз: Таңдалған сыйақыны алу үшін ұпай саны жеткіліксіз болуы мүмкін. Ұпайларды Bybit Pay Kazakhstan арқылы төлем жасау арқылы жинай аласыз.
- Айырбастау лимиті: Белгілі бір сыйақыны алу санына шектеу болуы мүмкін. Таңдалған өнімде «Қор таусылған» деген хабарлама көрінуі ықтимал. Өнімнің қашан қайта қолжетімді болатыны туралы нақты күн жоқ.
- Техникалық мәселе: Техникалық ақау айырбастау жасауға кедергі келтіруі мүмкін. Ұпай балансы мен айырбастау лимитін тексеріңіз. Егер мәселе жалғасса, ордер нөмірін көрсетіп, қолдау қызметіне жүгініңіз.
Айырбастау және ордер мәртебесі жазбаларын қайдан табамын?
Айырбастау жазбаларын Ұпай жазбалары бетінде, ал ордер мәртебесін Тапсырыстар бетінде таба аласыз. Қадамдық нұсқаулық үшін тиісті мақаланы қараңыз.
Сыйақы ұпайларының көбейткішін қалай аламын?
VIP деңгейіңізді арттыру арқылы көбірек ұпай жинай аласыз. Жоғары VIP деңгейі айлық ұпай лимитін және кэшбэк мөлшерлемесін арттырады. Толық ақпаратты Bybit Pay Kazakhstan сыйақылар бөлімінен қараңыз.
Автоматты Кэшбэк
Автоматты Кэшбэкке кімдер құқылы?
Автоматты кэшбэк түймесін қосқан әрбір Bybit Pay Kazakhstan қолданушылары кэшбэк функциясын пайдалана алады, яғни құқылы.
Bybit Pay Kazakhstan автоматты кэшбэк үшін минималды талап бар ма?
Иә, автоматты кэшбэк арқылы айырбастау үшін кемінде 50 ұпай қажет.
Автоматты кэшбэк айырбастау бағамы/мөлшерлемесі қандай?
Негізгі айырбастау бағамы/мөлшерлемесі — 1 ұпайға 0,002. Минималды талап — 50 ұпай. Егер іс-шараға байланысты басқа валюталар қолданылса, іс-шара бетінде көрсетіледі.
Bybit Pay Қазақстаннан автоматты кэшбэк үшін максималды лимит бар ма?
Иә, әр деңгей үшін автоматты кэшбэк және Pay Later (Кейінірек Төлеу) ынталандыру кэшбэгіне айлық максималды лимит бар. Айлық максималды кэшбэк мөлшерін (USDT баламасында) түсіну үшін тиісті мақаланы қараңыз.
Сыйақы бағдарламасы үшін ең көп ұпай шектеуі бар ма?
Иә. Bybit Pay Kazakhstan арқылы жиналған ұпайлар есептеледі және әр деңгей үшін айлық ұпай лимиті белгіленген.
Мысал
Қолданушы A
Деңгейі: 2 Деңгей (Бета)
Айлық ұпай шегі/лимиті: 25,000 ұпай
Bybit Pay Kazakhstan-нан жиналған ұпайлар: 15,000
Қолданушы B
Деңгейі: 5 Деңгей (Омега)
Айлық ұпай шегі/лимиті: 200,000 ұпай
Bybit Pay Kazakhstan-нан жиналған ұпайлар: 100,000
Айлық ұпай лимитіне жеткеннен кейін, сол күнтізбелік ай ішінде қосымша ұпай есептелмейді. Егер деңгей көтерілсе, ұпай лимиті артады. Деңгейдің жаңартылуы келесі күнтізбелік күні күшіне енеді, ал жаңа кэшбэк мөлшерлемесі келесі транзакциядан бастап қолданылады.
Pay Later (Кейін төлеу) ынталандыру жоспары бойынша ұпай шегі/лимиті бар ма?
Иә. Pay Later арқылы жиналған ұпайлар да әр деңгей үшін лимитпен шектеледі. Бұл мақаланы карап, Pay Later ай сайынғы USDT мәніндегі максималды кэшбек мәнін түсінуге болады. Бұл лимит сыйақы бағдарламасының лимитінен бөлек есептеледі.
Сыйақы ұпайларын ақшаға айналдыру қанша уақыт алады?
Егер Автоматты Кэшбэк қосулы болса, сыйақы ұпайлары күн сайын 00:00–01:00 UTC аралығында автоматты түрде таңдалған монетаға айырбасталады. Қадамдық нұсқаулық үшін тиісті мақаланы қараңыз.
Кэшбэк жазбасын қайдан көремін?
Кэшбек жазбасын табу үшін Ұпайлар Жазбасы бөліміне өтіңіз.
Кэшбэк қай аккаунтқа есептеледі?
Кэшбэк сіздің Қаржыландыру аккаунтыңызға есептеледі.
Bybit Pay Kazakhstan-та кэшбэк қалай есептеледі және айырбастау бағамы қалай қолданылады?
Кэшбэк күн сайын өңделеді және айырбастау бағамы айырбастау сәтінде белгіленеді. Егер транзакцияны растау кезінде токен өзгертілсе немесе жойылса, кэшбэк әдепкі бойынша USDT түрінде беріледі.
Сыйақылар туралы мәлімет және талаптар
Деңгей жаңартуы қашан жүзеге асады?
Деңгей жаңартуы процесі туралы төмендегі кестеге қараңыз.
Кэшбэк қалай таратылады және қалай алынады?
Кэшбэк ұпай түрінде таратылады. Оны қолмен немесе автоматты түрде айырбастауға болады.
- Ұпайларды қолмен айырбастау үшін, сіз Сыйақы нарығы бөліміне өтіп, қолжетімді ұсыныстарды көруіңізге болады.
- Кэшбэкті автоматты түрде алу үшін Автоматты Кэшбэк функциясын қосыңыз. Қосымша ақпарат үшін тиісті мақаланы қараңыз.
Қандай транзакциялар сыйақы алуға жарамсыз?
Ескерту: Bybit Kazakhstan жарамсыз немесе теріс пайдаланылған деп танылған транзакциялар бойынша сыйақыны ұстап қалу құқығын өзіне қалдырады.
