Тақырыптар
    Жиі қойылатын сұрақтар — спот саудасы
    bybit2025-03-05 11:58:27

    Крипто спот саудасы дегеніміз не?

    Крипто спот саудасы ағымдағы нарықтық бағамен бір криптовалютаны екіншісіне саудалау үшін сатып алушылар мен сатушылар арасындағы транзакция. 

     

    BTC/USDT жұбын мысал ретінде алсақ, сауда жұбының бағасы USDT-дің қанша бірліктері 1 BTC сатып алу үшін төленуі керек екенін немесе 1 BTC сату арқылы қанша USDT бірліктерін алуға болатынын білдіреді.




    Спот саудасы мен деривативтер саудасы арасындағы айырмашылықтар қандай?

    Крипто нарығындағы спот саудасында және деривативтер саудасында анық айырмашылықтар бар. Спот саудасында трейдерлер неігзгі активке ие болуы керек. Бұл ағымдағы нарықтық бағамен криптовалюталарды сатып алуды және сатуды қамтиды. Спот саудасында сатып алушы және сатушы баға ұсынысын және негізгі токендерді бірден айырбастайды.

     

    Керісінше, деривативтер саудасы қатысты тараптар деривативтер нарығында белгілі бір болашақтағы күнде алдын ала анықталған бағамен криптовалютаны сатып алуға немесе сатуға келісетін сауда түрі болып табылады. Бұл сценарийде, трейдерлер нақты активтітікелей саудаламайды, ал активтің бағасымен спекуляция жасайды. Олар активтің құныннда артуды болжаса, лонг позициясын немесе азаюды болжаса, шорт позициясын таңдай алады. Деривативтер саудасында физикалық активтер айырбасталмағанымен,трейдерлерден бәрібір ықтимал шығындарды жабу үшін маржа (пайдаланылатын левережге байланысты) ретінде белгілі активтердің белгілі бір мөлешрін ұстау талап етіледі.




    Спот саудасы мен маржа саудасы арасындағы айырмашылық қандай?

    Спот саудасы да, маржа саудасы да спот нарығында пайдаланылатын сауда әдістері болып табылады, бірақ олар әртүрлі әрекет етеді. Спот саудасы бір криптоны тікелей сатып алуды және екіншісіне сатуды білдіреді.

     

    Екінші жағынан, маржа саудасы тек жеке капитаылңызбен мүмкін болатынннан көбірек активтерді сатып алу немесе сату үшін қаражаттарды қарызға алуды қамтиды. Бұл лонг немесе шорт позициясында бола алатын активтердің мөлшерінің артуына байланысты трейдердің табыстарын және шығындарын көбейтеді. Маржа саудасында қарызға алынған қаражаттарға пайыз алынатынын ескеріңзі.




    Bybit спот саудасының комиссиясы дегеніміз не?

    Bybit әрбір орындалған ордер үшін 0,1% сауда комиссиясын алады. Ордерлердің орындалмаған бөліктері жнәе бас тартылған ордерлер үшін сауда комиссиясы жоқ.

     

    Қосымша мәліметтерді Спот саудасы: комиссиялардың түсіндірмесі бөлімінде қараңыз.




    Мейкер/тейкер дегеніміз не?

    Трейдерлер мөлшерді және ордер бағасын алдын ала орратады, содан кейін ордерлер кітабында ордерді орналастырады. Ордер сәйкестігі анықталғанша ордерлер кітабында күтеді, осылайша нарық тереңдігін арттырады. Бұл басқа трейдерлерге өтімділікті қамтамасыз ететін мейкер ретінде белгілі.

    Тейкер ордер ордерлер кітабындағы бар ордерге қатысты лезде орындалғанда орын алады, осылайша нарық тереңдігін азайтады.




    Спот саудасын орындау үшін қаражаттарымды қай аккаунтқа аударуым керек?

    Егер сіз бірыңғай сауда аккаунтының (UTA) пайдаланушысы болмасаңыз, спот саудасын орынаду үшін сіз қаражаттарыңызды спот аккаунтына аударуыңыз керек. Дегенмен, сіз UTA пайдаланушысы болсаңыз, спот саудасын жүзеге асыру үшін қаражаттарыңызды UTA аккаунтына аударыңыз.




    Мен спот аккаунтыма немесе бірыңғай сауда аккаунтыма қаражаттарды қалай депозиттеймін?

    Спот аккаунтыңызға қаражаттарды депозиттеу үшін пайдалануға болатын екі (2) негізгі әдіс бар:

    1. Депозиттеу: Аккаунтыңыз қазіргі уақытта ешқандай крипто активтерін ұстамаса, сіз қаражаттарды тікелей депозиттеуді орындай аласыз.

    2. Қаражатты аудару: Егер сізде қаражаттары бар басқа аккаунт бар болса, сіз оларды спот аккаунтыңызға аудара аласыз. Егер із бірыңғай сауда аккаунтына жаңартсаңыз, сіз сонымен қатар қаражаттарды сол аккаунтқа аудара аласыз.

     

    Активтерді депозиттеуді немесе аударуды орындау жолы туралы егжей-тегжейлі нұсқауларды келесі мақалаларда қараңыз:




    Спот нарығы қандай ордер түрлерін қолдайды?

    Спот нарығында әртүрлі ордерлер түрлеріне қолдау көрсетіледі. Бұлар мыналарды қамтиды: Нарықтық ордер, лимиттік ордер, шартты ордер және TP/SL ордері. Осы ордер түрлері туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін мұнда кіріңіз.




    Спот саудасы ордерлерім үшін орташа сатып алу және сату бағаларын қайда көре аламын? 

    Спотта сауда жасағанда, сіз тікелей сауда диаграммасында сату және сатып алу ордерлеріңіздің орташа бағасын көрсете аласыз. Оны белсендіру үшін Көрсету түймесін басыңыз және көргіңіз келетін орташа бағаға құсбелгі қойыңыз. Сонымен қатар сіз орташа мән есептелетін кезеңді (соңғы 7, 30, 60 немесе 90 күн) таңдай аласыз. Орташа баға ағымдағы күннен бастап таңдалған кезеңнің соңғы күніне дейін есептелетінін ескеріңіз.

     

    Веб-сайтта 

    image1.png

     

    Қолданбада

    image3.png




    Мен нарықтық сатып алу (немесе сату) ордерлерін пайдалану кезінде сатып алғым (немесе сатқым) келетін криптовалютаның мөлшерін (немесе құнын) неге енгізе алмаймын?

    Нарықтық сатып алу және сату ордерлері ордерлер кітабында қолжетімді ең жақсы бағамен орындалады. Осылайша, трейдерлердің сатып алғысы келетін криптовалюта сомасының орнына криптовалютаны сатып алу немесе сату үшін пайдаланғысы келетін активтердің (негізгі немесе баға ұсыну токені) сомасын толтыру дәлірек болады.




    Bybit спот саудасы үшін қандай да сауда лимиттері бар ма?

    Иә. Қосымша ақпаратты Bybit спот саудасының ережелері бөлімінде қараңыз. 




    Спот нарығынан сатып алғаннан кейін мен ұстай алатын активтердің максималды мөлшері бар ма?

    Жоғары инвестициялық тәуекелдер мен бағаның тұрақсыздығына байланысты Adventure Zone-дегі әрбір токеннің максималды сақталу сомасы 100,000 USDT баламасымен шектеледі.

     

    Алайда, Adventure Zone-нан тыс тізімделген токендер үшін сіз ұстай алатын сомада шектеу жоқ.




    Трейдер ең көбі қанша ордер орналастыра алады?

    —Максимум 500 белсенді ордерді орналастыруға болады. Олардың ішінен соңғы 50 ордер ордер жазбалары аймағында көрсетіледі.

    —10-ға дейін шартты ордерді орналастыруға болады және барлық ордерлер позиция қойындысында көрсетіелді.




    Әр транзакцияда сауда көлеміне минималды/максималды ордер лимиті бар ма?

    Иә. Bybit спот саудасының ережелері бөлімін қараңыз.




    Мен Bybit биржасындағы қосалқы аккаунтым арқылы спот саудасын өткізе аламын ба?

    Иә, сіз Bybit биржасындағы қосалқы аккаунтыңыз арқылы спот саудасын орындай аласыз. Дегенмен, спот саудасын бастамай тұрып қосалқы аккаунтыңыздың спот аккаунтында немесе бірыңғай сауда аккаунтында жеткілікті қаражаттар бар екеніне көз жеткізіңіз.

     

    Қосалқы аккаунтыңызға қаражаттар аудару үшін Bybit бетінің жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан Аккаунт және қауіпсіздік тармағына өтіңіз. Сол жерде  Қосалқы аккаунт тармағын таңдаңыз және қаражаттарды тиісті қосалқы аккаунтыңызға жылжыту үшін Активтерді аударуға кірісіңіз. Қосымша мәліметтерді мұнда қараңыз.




    Ордерлер тарихымды қалай көре аламын?

    Ордерлер тарихын көру үшін Bybit веб-сайтында Спот ордері → Ордерлер тарихы тармағын басыңыз. 

     

    image2.png

     

    Спот саудасы бетіне кіру үшін Bybit қолданбасында Сауда жасау тармағына өтіңіз. Барлық ордерлер тармағын бассаңыз, ордерлер тарихыңызды көресіз.

     

    image5.png

     

     

     

    Ағымдағы ордерлер, ордерлер тарихы және мәмілелер тарихының айырмашылығы неде?

    Ағымдағы ордерлер, ордерлер тарихы және мәмілелер тарихы арасындағы айырмашылықты ордерлердің күйі және оларды орындау құрайды:

    • Ағымдағы ордерлер: Бұл бөлім әлі орындауды немесе іске қосылуды күтудегі ордерлерді көрсетеді. 

    • Ордерлер тарихы: Бұл орындалған немесе бас тартылған ордерлердің тарихын көрсетеді. 

    • Мәмілелер тарихы: Бұл бөлім сәтті орындалған мәмілелерді көрсетеді. Ордер үлкен болса, ол бірнеше мәміле арқылы орындалуы мүмкін. Олардың барлығы осы тарихта көрсетіледі.




    Спот нарығында сауда жасау үшін қаражаттарды қарызға ала аламын ба?

    Иә, спот нарығында спот маржа саудасы мүмкіндігі арқылы сауда жасау үшін қаражаттарды қарызға алуға болады. Мұны ордер аймағында «Маржа» қойындысына ауысу және «Маржа саудасы» параметрін қосу арқылы белсендіруге болады.

     

    Дегенмен, қарызға алынған қаражаттар үшін пайыз алынатынын ескеріңіз. Бұған қоса, несие-құны арақатынасы (LTV) 95%-ға жеткенде ликвидация басталады. Бірыңғай сауда аккаунтына жаңартқан пайдаланушылар үшін ликвидация минималды маржа арақатынасы (MMR) 100%-ға жеткенде іске қосылады.

     

    Қосымша ақпаратты мұнда қараңыз.

     

    image4.png




    Спот аккаунтындағы активтерім деривативтер аккаунтымен бөлісіледі ме? 

    Жоқ, олар ондай емес. Сондықтан спот аккаунтындағы активтеріңізді деривативтер аккаунтында кросс маржада ашық позицияларды қолдау үшін пайдалану мүмкін емес.




    Мен аккаунтымды бірыңғай сауда аккаунтына жаңарттым. Мен спот саудасымен қалай айналыса аламын, өйткені бірыңғай саудада спот аккаунты жоқ?

    Бірыңғай сауда аккаунтында бірыңғай сауда пайдаланушылары үшін спот саудасына қолдау көрсетіледі.

    Was it helpful?
    yesYesyesNo