Өтімділік майнингі

Bybit Kazakhstan бойынша ликвидтілік (өтімділік) майнингіне кіріспе

logo
Соңғы жаңарту: 2026-05-18 06:37:53
Бөлісу

Ликвидтілік майнингі — қатысушыларға өздерінің криптоактивтерінің бір бөлігін әртүрлі ликвидтілік пулдарына ұсынуға мүмкіндік беретін орталықтандырылмаған қаржы тетігі. Соның нәтижесінде олар токендер мен комиссиялар түрінде сыйақы алады.


Bybit Kazakhstan-тағы Ликвидтілік майнингі аясында біз автоматтандырылған маркет-мейкер (AMM) моделіне негізделген әртүрлі ликвидтілік пулдарын ұсынамыз. Әр пул екі токеннен тұрады. Таңдалған пулдағы транзакциялардан алынатын айырбастау(своп) комиссияларының үлесі ретінде кіріс табу үшін, токендеріңізді Bybit Kazakhstan ликвидтілік пулдарына салып, ликвидтілік тасымалдаушысы бола аласыз.


Айырбастау комиссияларынан бөлек, ликвидтілік тасымалдаушылары пулға активтер қосу арқылы Bybit Kazakhstan платформасындағы туынды құралдар нарығына ликвидтілік ұсынғаны үшін де кіріс ала алады. Осылайша, ликвидтілік тасымалдаушыларының капиталды пайдалану тиімділігі артып, оларға дәстүрлі AMM үлгілерімен салыстырғанда жоғарырақ кірістілік алуға мүмкіндік береді.



Қолдау көрсетілетін левередж

Левередж қолданылатын ликвидтілік майнингі кірісіңізді барынша арттыру үшін левередж деңгейін 10x-ке дейін арттыруға мүмкіндік береді. Егер алынған кіріс 1 USDT-ке тең немесе одан жоғары болса, оны кез келген уақытта қайта инвестициялауға болады. Алайда, егер 1x-тен жоғары левереджді таңдасаңыз, ликвидация тәуекелі туындауы мүмкін. Ликвидация бағаңызға назар аударыңыз.




Автоматты қайта теңгерімдеу

Ликвидтілік тасымалдаушысы ретінде, егер сіз екі токеннен тұратын жұпты қосуды таңдасаңыз, жүйе бұл екі токен ликвидтілік пулына қосылған сәтте олардың құны тең болуы үшін автоматты түрде конвертация (айырбастау) жасайды. Егер сіз бір ғана токен қосуды таңдасаңыз, жүйе оның құнының жартысын пулдағы екінші токенге автоматты түрде айырбастайды. Айырбастау үшін комиссия алынбайды. Алайда, егер позицияңыз салыстырмалы түрде үлкен болса, баға сырғуы орын алуы мүмкін.



Токендеріңізді айырбастаңыз

Бір токенді екіншісіне айырбастау кезінде үлкен ликвидтілік пулы трейдерлерге беретін негізгі артықшылықтардың екеуі — баға сырғуының азаюы және сауданың жылдамырақ орындалуы.



Ықтимал тәуекелдер

Bybit Kazakhstan-тағы Ликвидтілік майнингі тәуекелсіз/қауіпі жоқ өнім болып табылмайды. Ликвидтілік ұсыну уақытша шығын тәуекеліне ұшырайды, әрі кірістілік мөлшеріне кепілдік берілмейді.

Уақытша шығын: Ликвидтілік майнингі негізгі активтердің бағасы өзгерген кезде туындайтын уақытша шығын тәуекелімен қатар жүреді.



Уақытша/Тұрақсыз жоғалту: Ликвидтілік майнингі негізгі активтердің бағасы өзгерген кезде туындайтын уақытша шығын тәуекелімен қатар жүреді. DeFi-де ликвидтілік ұсыну кезінде уақытша шығынды қалай болдырмауға болатыны туралы толығырақ ақпарат алу үшін тиісті нұсқаулықты қараңыз.

Левередж кезіндегі ликвидация тәуекелі/қаупі: Позицияларға левередж қолдану, әрине, ликвидация тәуекелін арттырады, дегенмен туынды құралдар келісімшарттарымен салыстырғанда, ликвидтілік майнингіндегі ликвидация тәуекелі төменірек. Мұндай жағдайда ликвидацияны болдырмау үшін левередж деңгейін төмендету мақсатында қосымша USDT қоса аласыз.



Was it helpful?