Тізбектегі криптографиялық депозиттер

Ақаулықтарды жою: Криптодепозитті қалпына келтіру туралы өтінімді жіберу кезіндегі қате

logo
Соңғы жаңарту: 2026-08-05 08:02:13
Бөлісу

Bybit Kazakhstan тег немесе мемо көрсетілмегендіктен депозиті есептелмеген пайдаланушыларға өзін-өзі қызмет көрсету арқылы апелляциялық қолдау ұсынады. Өзін-өзі қызмет көрсету арқылы қалпына келтіру функциясын пайдалану ұсынылады, себебі ол клиенттерді қолдау қызметі жүргізетін қолмен тексеруге қарағанда жылдамырақ шешім ұсынады. Қосымша ақпарат алу үшін келесі нұсқаулықпен танысыңыз:

  1. Өзін-өзі қызмет көрсету арқылы жоғалған депозитті қалай қалпына келтіруге болады



Алайда өзін-өзі қызмет көрсету платформасы арқылы өтінім жіберу кезінде қате хабарламасы пайда болса, Клиенттерді Қолдау қызметіне хабарласу үшін төмендегі нұсқаулықты орындап, қате хабарламасының скриншотын қоса тіркеп, «Тег/мемо енгізілмеді» Апелляция Формасы арқылы өтінім жіберіңіз.



Маңызды ескертпелер:

— Активтерді қайтаруға байланысты қосымша ресурстар шығындарын жабу үшін қайтарылатын сомадан осы монета бойынша стандартты шығару комиссиясының бес есесіне тең өңдеу комиссиясы ұсталады. Әр монета үшін шығару комиссиясын осы жерден көре аласыз.

— Есептік қайтару сомасы минималды шығару лимитінен төмен болса, өтінім өңделмейді.

— 90 күннен асқан транзакциялар өңделмейді.

— Өтінім жіберу кезінде «Депозитке қатысты қалыптан тыс мәселе шешілді. Қосымша көмек алу үшін Клиенттерді Қолдау қызметіне хабарласыңыз» деген қате хабарламасы шықса, бұл депозитіңіз қате тег/мемо негізінде басқа аккаунтқа есептелген болуы мүмкін екенін білдіреді. Мұндай жағдайда Клиенттерді Қолдау қызметіне хабарласу үшін төмендегі нұсқаулықты орындап, «Қате тег/мемо» Апелляция Формасы арқылы өтінім жіберіңіз.

— Қосымша ақпарат алу үшін Криптодепозит бойынша ЖҚС бөлімін қараңыз.

Ескерту:

Қате тегті немесе мемоны енгізу депозитіңіздің басқа аккаунтқа есептелу қаупін арттырады. Депозитті қалпына келтіруге 100% кепілдік берілмейтінін ескеріңіз.







Криптодепозитті қалпына келтіру үшін апелляцияны қалай жіберуге болады

1-қадам: Өзін-өзі қызмет көрсету арқылы қалпына келтіру платформасы арқылы өтінім жіберу кезінде қате хабарламасы шықса, қаражатыңыздың қайда түскенін тексеру және қажет болған жағдайда қаражаттың әрі қарай шығарылуын тоқтату үшін тікелей чат арқылы Клиенттерді Қолдау қызметіне хабарласыңыз.







2-қадам: «Тег/мемо енгізілмеді» Апелляция Формасы арқылы өтінім жіберіңіз. Жалғастыру үшін Иә түймесін баспас бұрын 3-қадамда көрсетілген талаптарды мұқият оқып шығыңыз.



Ескертпе: Жылдамырақ өңдеу үшін «Депозитке қатысты қалыптан тыс мәселе шешілді. Қосымша көмек алу үшін Клиенттерді Қолдау қызметіне хабарласыңыз» деген қате хабарламасы шықса, оның орнына «Қате тег/мемо» Апелляция Формасын пайдаланыңыз.






3-қадам: Депозит туралы ақпаратты толтырып, талап етілетін верификация (растау) материалдарын тіркеңіз.


Қолдау көрсетілетін монеталарға XRP, A, XLM, XEM, XYM, RUNE, HBAR, STX, SOLO, WAXP, GRAM және т.б. кіреді.



Мәліметтер:

Транзакция хэші (TXID) және/немесе блокчейн URL-сілтемесі

(i) Транзакция хэші (TXID): Монета жіберілген биржадан алуға болатын транзакция хэші деп те аталатын толық 64 таңбалы TXID кодын көшіріп, енгізіңіз.


Жоғалған депозит үшін дұрыс TXID-ді енгізгеніңізге көз жеткізіңіз. Дұрыс TXID-ді алу туралы егжей-тегжейлі нұсқаулықпен осы мақалада таныса аласыз. Сондай-ақ, URL-ді қоспай TXID-ді енгізуіңізді сұраймыз.




(ii) TXID/блокчейн URL-сілтемесі: Бұл — қаражатты шығарған платформада пайдаланылған блокчейнді көрсететін URL-сілтеме.







Бұрын пайдаланылған криптоәмиянның экрандық бейнежазбасы

А биржасынан Bybit Kazakhstan платформасына аударым жасалды делік. Активтер тобы төмендегі негізгі тармақтар анық көрсетілген экрандық бейнежазбаны сұрайды:

  1. Face ID, SMS коды немесе 2FA верификациясы арқылы А платформасына сәтті кіріңіз. QR-код арқылы кіру және құпиясөзсіз Google электрондық поштасы арқылы кіру қабылданбайды.
  2. Транзакциялар тарихы бетіне өтіңіз.
  3. Транзакцияның барлық мәліметтерін анық көрсетіңіз: сома, монета түрі, аударым күні мен уақыты және толық TXID.
  4. Блокчейнге бағыттайтын сілтемені басып, блокчейндегі ақпаратты көрсетіңіз: сома, монета түрі, аударым күні мен уақыты және толық TXID.


Егер А платформасы блокчейнге тікелей сілтеме ұсынбаса, TXID-ді блокчейн шолғышына көшіріп, толық транзакция мәліметтерін көрсетіңіз.







Жаңа депозит жасау және бұрын пайдаланылған криптоәмиянды жазу

Бұрын А биржасынан Bybit Kazakhstan платформасына аударым жасалған деп есептейік. Верификация мақсатында төмендегі әрекеттерді орындауыңыз қажет:


А биржасынан Bybit Kazakhstan платформасына сол монета түрімен жаңа аударымды сәтті бастаңыз. Аударым сомасы талап етіліп отырған депозит сомасының кемінде 20%-ын құрауы тиіс. Мысалы, XRP депозитін қалпына келтіріп жатсаңыз, жаңа аударым да XRP түрінде болуы қажет.


МАҢЫЗДЫ Ескертпе: Осы жолы дұрыс мемо/тег енгізіңіз



Жаңа депозит жасағаннан кейін экранның бейнежазбасын дайындау

Төмендегі негізгі тармақтарды қамтитын анық экрандық бейнежазба жасаңыз:

  1. Face ID, SMS коды немесе 2FA верификациясы арқылы А платформасына сәтті кіріңіз. QR-код арқылы кіру және құпиясөзсіз Google электрондық поштасы арқылы кіру қабылданбайды.
  2. Транзакциялар тарихы бетіне өтіңіз.
  3. Алдыңғы және жаңа депозиттердің барлық транзакция мәліметтерін анық көрсетіңіз: сома, монета түрі, аударым күні мен уақыты және толық TXID.
  4. Блокчейнге бағыттайтын сілтемені басып, блокчейндегі екі транзакцияның да мәліметтерін көрсетіңіз: сома, монета түрі, аударым күні мен уақыты және толық TXID.


Егер А платформасы блокчейнге тікелей сілтеме ұсынбаса, TXID-ді блокчейн шолғышына көшіріп, толық транзакция мәліметтерін көрсетіңіз.







Барлық верификация (тексеру) деңгейлері үшін жеке басын куәландыратын құжат пен селфи қажет

(i) Жеке Басын Куәландыратын Құжатты Ұсыну

  1. Bybit Kazakhstan KYC верификациясы үшін бұрын пайдаланған жеке басыңызды куәландыратын құжатты қайта жіберіңіз/ұсыныңыз.
  2. Бұрын ұлттық жеке куәлікті пайдаланған болсаңыз, сол жеке куәліктің алдыңғы және артқы бетін қайта жіберуіңіз/ұсынуыңыз қажет.
  3. Басқа құжатты жіберу, мысалы бұрын жеке куәлік қолданылып, енді паспорт(төлқұжат) ұсынылса, қабылданбайды.
  4. Құжат анық, оқуға жарамды, HD сапасында және бет-әлпетіңіз айқын көрінетін болуы тиіс.
  5. Сканерленген, басып шығарылған немесе фотошопталған (photoshop арқылы өңделген) құжаттар қабылданбайды. Құжат JPEG, JPG немесе PNG форматындағы түпнұсқа фотосурет болуы қажет.




(ii) Селфи Бейнежазбасын Ұсыну — HD Сапасы

  1. Төмендегі мәтін жазылған қолжазба (қолмен жазылған) жазбаны ұстап тұрып, видео селфи (селфи бейнежазбасын) жасаңыз:

  2. «Мен, (заңды аты-жөніңіз), осы мәлімдемені (КК/АА/ЖЖЖЖ) күні жасаудамын. Мен ұсынған верификация ақпаратының шынайы екенін және қаражаттың заңды иесі екенімді растаймын. Жалған ақпарат беру заңды салдарға әкелетінін түсінемін.»

  3. Мәлімдемені Ағылшын тілінде дауыстап оқыңыз. Ағылшын тілінде оқу мүмкін болмаса, ана тіліңізде оқуға болады.
  4. KYC верификациясы үшін қолданылған сол жеке басын куәландыратын құжатты ұстап тұрыңыз.
  5. Бет-әлпетіңіз анық көрінетініне көз жеткізіңіз.
  6. Жазбада көрсетілген күн бейнежазба (видео) жасалған күнмен сәйкес болуы тиіс.


Ескерту: Платформа верификация, қауіпсіздік және рәсімдік талаптарын кез келген уақытта өзгерте алады. Мұндай өзгерістер ресми веб-сайтта жарияланған сәттен бастап, тіпті олар коммуникацияларда, нұсқаулықтарда немесе ЖҚС бөлімдерінде алдын ала көрсетілмесе де, бірден күшіне енеді. Пайдаланушылар нақты, өзекті және толық жеке ақпарат ұсынуға, қажет болған жағдайда оны жаңартуға міндетті. Жалған немесе жаңылыстыратын құжаттарды ұсыну транзакциялардың кешігуіне не аккаунттың уақытша бұғатталуына әкелуі мүмкін. Bybit Kazakhstan Платформасының Шарттары мен Талаптарымен танысыңыз.






Өзін-өзі қызмет көрсету арқылы қалпына келтіру платформасында қабылданбаған өтінімдер үшін

Қате хабарламасының скриншоты

Клиенттерді қолдау қызметі қаражатыңызды қалпына келтіруге қосымша көмектесе алуы үшін өтінім жіберу кезінде шыққан қате хабарламасының скриншотын өтініміңізге тіркеңіз.

Was it helpful?