Bybit қосалқы аккаунты дегеніміз не және оны не үшін пайдалану керек?
ЖИҚ түйіндемесі
Көбірек көрсету
Бар болғаны 30 секундта мақаланың мазмұнын жылдам түсініңіз және нарықтағы көңіл-күйді бағалаңыз.
Әрбір ақылды трейдер сауданың тиімділігін арттыру үшін қосалқы аккаунттарды жасау өте маңызды екенін біледі. Қосалқы аккаунттар — активтер мен инвестицияларды бөлуге көмектесетін негізгі аккаунттың астындағы шағын аккаунттар. Бұл сізге мәмілелерді басқаруды жақсырақ бақылауды береді.
Сонымен қатар, Bybit әртүрлі сауда мақсаттарыңызға жету үшін «Қосалқы аккаунт» опциясын ұсынады. Сонымен қатар, 2024 жылдың шілдесінен бастап сіз қосалқы аккаунттарыңызды пайдалана отырып, Bybit сауда жарыстарына (мысалы, WSOT және Копитрейдинг титандары) қатыса аласыз. Бұл бәсекелес сауда ландшафтына ұйымдастыру пен әділдіктің жаңа деңгейін енгізеді. Bybit қосалқы аккаунты мәмілелеріңізде сізге қалай көмектесетіні туралы көбірек білгіңіз келе ме? Білу үшін әрі қарай оқыңыз.
Негізгі қорытындылар:
Bybit қосалқы аккаунты — Bybit негізгі аккаунтының қанатының астындағы тегін кішірек аккаунт.
Bybit биржасында қосалқы аккаунттардың екі түрі бар: Стандартты қосалқы аккаунт және кастодиалдық қосалқы сауда аккаунты.
Сауда мақсаттары үшін 20-ға дейін стандартты қосалқы аккаунтты жасауға болады. Олардың төртеуі сауда бәсекесінде пайдалануға жарамды.

Bybit қосалқы аккаунты дегеніміз не?
Bybit қосалқы аккаунты — Bybit негізгі аккаунтының астында орналасқан кішірек, дербес аккаунт. Қосалқы аккаунтты жасамай тұрып алдымен Bybit биржасында тіркелу, 1-деңгейлі KYC верификациясынан өту және негізгі аккаунтты ашу қажет.
Қосалқы аккаунттарды белсенді күйде ұстау үшін минималды баланс талап етілмейді. Бұған қоса, қосалқы аккаунттарды жасау және жүргізу немесе олар мен негізгі аккаунт арасында активтерді аудару үшін ешқандай комиссия қажет емес.
Сіз пайдалана алатын Bybit қосалқы аккаунттарының екі негізгі түрі бар: Стандартты қосалқы аккаунт және кастодиалдық қосалқы сауда аккаунты.
Қосалқы аккаунттардың түрлері
Стандартты қосалқы аккаунт
Сіз тікелей стандартты қосалқы аккаунтта барлық мәмілелеріңізді, соның ішінде API саудасын басқара аласыз және Активтерге шолу бетінде тізілген кез келген тиындарды стандартты қосалқы аккаунтқа аудара аласыз. Сонымен қатар сіз қосалқы аккаунттарыңыздағы негізгі аккаунтыңызға берілген сауда комиссиясының жеңілдіктерін аласыз.
Дегенмен, стандартты қосалқы аккаунтыңызды пайдаланып Bybit Earn өнімдеріне инвестиция жасай алмайсыз. Стандартты қосалқы акккаунттардың P&L көрсеткіші негізгі акккаунттан бөлек болғандықтан, сізде әрбір аккаунттағы табыстарыңыз бен шығындарыңызды көбірек оңтайландырылған бақылау мүмкіндігі болады. Активтердің жалпы сомасы автоматты түрде биткойн (BTC) түрінде есептелетінін және бағасы белгіленетінінескеріңіз.
Стандартты қосалқы аккаунтты жасау үшін сізге пайдаланушы атын жасау керек болады. Негізгі аккаунтыңыздағы Қосалқы аккаунт қойындысындағы Ауыстыру мүмкіндігі арқылы стандартты қосалқы аккаунтқа оңай кіруге болады. Сонымен қатар, теңшелген қосалқы аккаунтты жасауға болады. Ол үшін сіз тікелей қосалқы аккаунтқа кіру үшін пайдаланушы атын және құпиясөзді жасауыңыз керек болады.
Сіз екі стандартты қосалқы аккаунт түрін жасай аласыз: стандартты аккаунт немесе бірыңғай сауда аккаунты. Сіз қосалқы аккаунт ретінде бірыңғай сауда аккаунтын жасаған кезде, барлық спот және фьючерстер саудасы әрекеттеріңіз (инверстік деривативтерден басқа) және барлық активтеріңіз бір аккаунтқа біріктіріледі. Бұл мүмкіндік саудасын оңтайландыруды және активтерінің пайдаланылуын барынша арттыруды қалайтын кәсіби трейдерлер үшін пайдалы.

Сіз негізгі аккаунтыңызға 20-ға дейін стандартты қосалқы аккаунтты қоса аласыз. Бұл сізге 20-ға дейін сауда стратегиясын және құралды қолданып көруге әрі әртүрлі аккаунттарда олардың барысын бақылауға мүмкіндік береді. (Стандартты қосалқы аккаунттар үшін KYC верификациясы қажет емес екенін ескеріңіз.) Стандартты қосалқы аккаунттыі жасағаннан кейін қауіпсіздікті арттыру үшін оны Google Authenticator бағдарламасымен байланыстыра аласыз және қаласаңыз, оны Қосалқы аккаунт қойындысында жоя аласыз.
Кастодиалдық қосалқы сауда аккаунты
Кастодиалдық қосалқы сауда аккаунты арқылы сіз машақатсыз сауда тәжірибесін пайдалану үшін активтеріңізді кәсіпқойларға басқаруға сеніп тапсыра аласыз. Кәсіби сауда командасын таңдау сіздің қолыңызда. Бұл сізге сенімді серіктесті таңдауда көбірек басқаруды береді. Дегенмен, сіз таңдаған сауда командасы Bybit биржасымен ағымдағы серіктес болуы керек екенін ескеріңіз.
Сауда командасы мәмілелерді орындайтындықтан, сіз жеке сауда жасай алмайсыз немесе кастодиалдық сауда қосалқы аккаунтында мәмілелер және ордерлер тарихын көре алмайсыз. Бұл олардың сауда стратегияларын қорғау үшін қажет. Дегенмен, осы аккаунтта жасалған мәмілелеріңіз сауда командасының негізгі аккаунтының бірдей VIP деңгейі мен сауда комиссиясы мөлшерлемелерін пайдаланады. Сондай-ақ, тура стандартты қосалқы аккаунттар сияқты, кастодиалдық сауда қосалқы аккаунтыңыздың P&L көрсеткіші негізгі аккаунттан ерекшеленеді және бұл қосалқы аккаунтты Қосалқы аккаунт қойындысында оңай жоюға болады.
Сіз спот активтерін негізгі аккаунт пен кастодиалдық қосалқы сауда аккаунты арасында аудара аласыз. Кастодиалдық сауда қосалқы аккаунты тек USDT мерзімсіз, инверстік мерзімсіз, инверстік фьючерстік және спот келісімшарттарының саудасын қолдайды, ал USDC мерзімсіз келісімшарттарын және USDC опциондарын саудалауға қолдау көрсетілмейді.
Инвестор ретінде сіз 10-ға дейін кастодиалдық сауда қосалқы аккаунтын және кәсіби сауда командасы ретінде 20-ға дейін кастодиалдық сауда қосалқы аккаунтын байланыстыра аласыз.
Bybit қосалқы аккаунтын, негізгі аккаунтты, бірыңғай сауда аккаунтын және Bybit Web3-ті салыстыру
Bybit қосалқы аккаунтын және негізгі аккаунтты салыстыру
Bybit қосалқы аккаунттары сізге сауда әрекеттеріңізді жақсырақ ұйымдастыру жолын ұсынғанымен, қосалқы аккаунтта негізгі аккаунттың қатынасы бар бірнеше шектеу бар.
Негізгі аккаунтта ғана пайдалануға болатын біраз артықшылықтар келесідей:
Рефералдық бағдарлама арқылы тіркелуге болады
Серіктестік аккаунты ретінде тіркеуге болады
Сауда бонустарын немесе купондарды ала алады
Науқандарға қосыла және марапаттар орталығынан марапаттар ала алады
Активтерді депозиттей және шешіп ала алады
Негізгі аккаунттың өзі мен барлық бар стандартты қосалқы аккаунттардың арасында екі жақты аударымдарды, сондай-ақ екі қосалқы аккаунт арасында аударымдарды орындай алады
Яғни, бұрында тек негізгі аккаунтта болған артықшылыққа маңызды өзгеріс енгізілді. Енді бұл артықшылықты қосалқы аккаунттар да пайдалана алады. Атап айтқанда, бұл артықшылық — Bybit биржасының жарыстарына қатысу. Бұрын жарыстарға тек негізгі аккаунттар қатыса алатын. Негізгі аккаунттарында үлкен сомалары барларға артықшылық берілетін.
Енді жарыстарға қосалқы аккаунттар енгізілгеннен бері әрбір трейдер бірдей сомадан бастайды. Бұл тең ойын алаңын қамтамасыз етеді, осылайша нақты сауда дағдылары бар адамдарға ресурстар артықшылықтары бар адамдардан асып түсуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, бір уақытта бірнеше жарысқа қатысу және марапаттарыңызды барынша арттыру үшін төртке дейін стандартты қосалқы аккаунтты жасауға болады.
Сонымен қатар, сіз әлдеқашан Bybit VIP пайдаланушысы болсаңыз және сауда жасау үшін тек негізгі аккаунтыңыздың орнына қосалқы аккаунттарды пайдалансаңыз, сіз жоғарырақ VIP деңгейіне оңай жете аласыз, өйткені қосалқы аккаунттардан генерацияланған сауда көлемі негізгі аккаунтыңызға жатқызылады. Оған қоса, сіз төменірек VIP комиссияларын төлей аласыз, өйткені сіз тек негізгі аккаунттағы саудамен салыстырғанда қосалқы аккаунттарда сауда жасаған кездегідей комиссияларды төлейсіз.
Bybit қосалқы аккаунтын және бірыңғай сауда аккаунтын салыстыру
Bybit қосалқы аккаунттары қаражаттарыңызды ұйымдастыруға және бөлек аккаунттардағы инвестицияларыңызды бақылауға мүмкіндік бергенімен, Бірыңғай сауда аккаунты (UTA) спот, фьючерстер және опциндар саудасын бір аккаунтқа орталықтандырады.
Қосалқы аккаунттар сауда әрекеттерін оқшаулау арқылы тәуекелдерді әртараптандыруды қамтамасыз етеді, өйткені әрбір қосалқы аккаунт бөлінген P&L арқылы тәуелсіз жұмыс істейді. Екінші жағынан, UTA барлық өнім инвестицияларынан түсетін табыстарыңыз бен шығындарыңызды біріктіреді, бұл құбылмалы нарық кезінде ликвидация тәуекелін азайтады, өйткені ол жалпы әсерді біріктіреді, кірістер мен шығындарды теңдестіреді.
Сіз UTA аккаунтыңызды қосалқы аккаунт ретінде аша аласыз. Бұл негізгі аккаунтыңызды UTA аккаунтына жаңартады. UTA аккаунты барлық активтеріңізді бір аккаунтқа біріктіреді және сіз аккаунтта спот, фьючерстер және опциондар саудасын орындай аласыз. Бұл сауданы ыңғайлы және тиімді етеді, өйткені енді жалпы портфолиоңыздың құны жеткілікті кезде сауда үшін аккаунттарыңыздың арасында активтеріңізді аударудың қажеті жоқ. Сонымен қатар бұл маржа саудасы жүйесі болып табылады. Онда жүзеге асырылмаған деривативтердің табыстарын әртүрлі Bybit өнімдерін саудалау үшін маржа ретінде пайдалануға болады.
Аккаунтыңызды жаңартқаннан кейін спот және деривативтер аккаунттары Бірыңғай сауда қойындысына біріктіріледі. Оны жаңартуды қайтару мүмкін емес. Бұл өзгеріс негізгі аккаунтыңызда және сіз жасаған барлық қосалқы аккаунттарда көрсетіледі. Жаңарту қайтымсыз болғандықтан, UTA аккаунтына жаңартпай тұрып демо сауданы қолданып көру ұсынылады.

Bybit қосалқы аккаунты және Bybit Web3-ті салыстыру
Bybit қосалқы аккаунттары кәсіби трейдерлер мен мекемелерге бағытталған, оларға бірнеше аккаунтты басқаруға көмектеседі. Бір басты аккаунт астында 20-ға дейін қосалқы аккаунт жасау мүмкіндігі активтерін бөлгісі және әртүрлі стратегияларды сынағысы келетін жеке трейдерлер үшін де, бірнеше клиент үшін аккаунттарды басқаруы қажет институционалдық трейдерлер үшін де пайдалы.
Сонымен қатар, Bybit Web3 орталықтандырылған биржаның (CEX) инфрақұрылымы мен қауіпсіздігін пайдалана отырып, орталықтандырылмаған қаржыны (DeFi) және web3-ті зерттеуге қызығатын пайдаланушыларға қызмет көрсетеді. Bybit Web3 көптеген әртүрлі қызметтерді ұсынады — DEX Pro сияқты күрделі орталықтандырылмаған сауда платформаларынан NFT Pro сияқты NFT платформаларына дейін — сонымен бірге пассивті табыс табудың көп жолдарын (мысалы,эйрдроптар және стейкинг арқылы) ұсынады. Bybit Web3-тің барлық артықшылықтарына қатынасу үшін сізге жеке кілтті басқаруға көмектесу үшін KYC-ді болдырмайтын кастодиалдық Bybit әмияны қажет болады.
Bybit қосалқы аккаунтының және Bybit Web3-тің активтерін іштей аудару мүмкін емес.
Қорытынды ойлар
Bybit қосалқы аккаунты сауда стратегияларын жақсартудың көбірек оңтайландырылған жолын іздейтін кәсіби трейдерлер үшін мүмкіндіктер әлемін ашады және институционалдық трейдерлерге клиенттерінің активтерін басқаруға көмектеседі. Бұған қоса, Bybit қосалқы аккаунттарын сауда жарыстарына енгізу әділдік пен қызықтың жаңа деңгейін қосты, өйткені трейдерлер енді бір уақытта бірнеше жарыста дағдыларын тең деңгейде көрсете алады. Бұл бастапқы капитал өлшеміне қарамастан шынайы сауда дарынының мойындалуын және марапатталуын қамтамасыз етеді. Bybit VIP пайдаланушылары сонымен қатар жоғарырақ VIP деңгейіне оңайырақ көтерілу және сауда жасау үшін көбірек аккаунтты пайдаланғанда бірдей VIP комиссия мөлшерлемесін төлеу сияқты қосалқы аккаунттарды пайдаланудың пайдасын көреді.
Қорытындылай келе, сауда тиімділігі мен стратегияны басқарудың деңгейін көтергісі келетіндер жеке және институционалдық трейдерлер үшін сенімді шешімді қамтамасыз ету мүмкіндігіне байланысты Bybit қосалқы аккаунтын баға жетпес құрал деп табады.
#LearnWithBybit
5,000 USDT-ге дейін сыйақы алыңыз
Бүгін тіркеліп, бірден 20 USDT купонын алыңыз және қосымша бонустарға ие болыңыз.