ЖҚС (Жиі Қойылатын Сұрақтар) — Bybit карта бойынша жалпы сұрақтар

logo
Соңғы жаңарту: 2026-08-09 14:38:35
Бөлісу

Bybit карта деген не?

Bybit карта — бұл қаражатыңызға кез келген жерде және кез келген уақытта оңай әрі қауіпсіз қол жеткізуге мүмкіндік беретін Mastercard алдын ала төленген картасы. Ол сіздің крипто жолыңыздағы таптырмас серік болады.


Криптоңызды фиатқа ыңғайлы әрі сенімді түрде айналдырып, күнделікті шығын жасау мүмкіндігі арқылы Bybit карта криптовалютаны күнделікті өміріңізге барынша енгізуге көмектеседі. Сіз Bybit Kazakhstan ұсынатын сауда өнімдерінің толық топтамасынан түскен табысты пайдаланып, сатып алуларыңызды бірден төлей аласыз.


Сондай-ақ Bybit карта Адалдық Марапаттары Бағдарламасы арқылы серіктестерден берілетін марапаттар, бірегей ұсыныстар және арнайы тәжірибелер сияқты эксклюзивті артықшылықтар әлемін аша аласыз. Толығырақ ақпаратты осы жерден таба аласыз.




Bybit картаға кім өтініш бере алады?

Bybit картаға өтініш беру кезінде сізге төмендегі құжаттарды ұсына алу қажет:

  1. Жеке басты растау/верификациясы: ұлттық жеке куәлік немесе паспорт сияқты жеке басты растайтын құжат.
  2. Тұрғылықты мекенжай және/немесе мекенжайды растау/верификациясы: Қазақстандағы толық атыңыз бен толық тұрғылықты мекенжайыңыз көрсетілген жеке басты куәландыратын құжат немесе коммуналдық төлем түбіртектері сияқты мекенжайды растайтын құжат.


Bybit Kazakhstan тәуекелді ішкі бағалау нәтижесіне қарай кез келген өтінішті қабылдамау туралы соңғы шешімді өз қалауынша қабылдау құқығын өзінде қалдырады. Bybit картаға өтініш беру жөніндегі нұсқаулық туралы толығырақ ақпарат алу үшін осы жерге жүгініңіз.




Егер құжаттарды жіберу туралы хат алсам, не істеуім керек?

Егер сізге қосымша ақпарат сұралған хат келсе, Жіберу батырмасын басыңыз. Сіз сұралған құжаттарды жүктей алатын бетке бағытталасыз.



Ескертпелер:

  1. Сұралған құжаттар тізімі әр адамға қарай әртүрлі болуы мүмкін. Талаптар туралы көбірек білу үшін құжат сипаттамасының астындағы Үлгі Анықтамалары түймесін/бөлімін басуға болады.
  2. Біз тек көлемі 10 МБ-тан аспайтын PNG, PDF, JPG және JPEG файлдарын ғана қолдаймыз.
  3. Әрбір сұрау бойынша ең көбі бес (5) құжат қана қабылданады.


Сұралған құжаттарды жібергеннен кейін, тиісті команда сіздің өтінішіңізді жеті (7) жұмыс күні ішінде қарайды. Нәтиже сіздің тіркелген электрондық поштаңыз арқылы жіберіледі.




Bybit картаға берген өтінішімді қалай жоя аламын?

Өтінішіңіздің күйіне қарай төмендегі нұсқауларды орындаңыз:


a) Егер сіз өтінішті әлі жібермеген болсаңыз:

Егер сіз картаға өтініш беріп жатқан болсаңыз, бірақ оны әлі жібермеген болсаңыз, Қосымша Әрекеттер батырмасын басып, Өтінішімді Жою Тармағын таңдаңыз.



Қосымшада үш нүкте белгішесін басып, Өтінішімді Жою Тармағын таңдаңыз.



b) Егер өтінішіңіз қаралу үстінде болса:

Сіз Bybit картаға берген өтінішіңізді Өтінішімді Көру/Тексеру → Қосымша Әрекеттер тармақтарын/батырмасын басып, кейін Картама Өтінішімді Жою тармағын таңдау арқылы жоя аласыз.



Қосымшада Өтінішімді көру/тексеру батырмасын, содан кейін '?' батырмасын басыңыз. Одан кейін Картама Өтінішімді Жою тармағын таңдаңыз.



Ескертпелер:

  1. Тек статусы Күтуде/Орындалуда болып тұрған Bybit карта өтініштерін ғана жоюға болады.
  2. Егер картаға өтінішіңіз жіберілгеннен кейін қабылданбай қалса, сіз әрқашан жаңа өтінішті Қайта Бастау арқылы қайта бастай аласыз.



c) Егер өтінішіңіз мақұлданған болса:

Өтінішіңіз жіберілгеннен кейін оны жою үшін Картаны Басқару бетіне өтіп, картаны тоқтатыңыз. Нұсқаулық ретінде осы мақаланы қараңыз.




Бір уақытта қанша белсенді Bybit картаға өтініш бере аламын?

Бір уақытта сізде бір белсенді виртуалды Bybit карта және бір белсенді физикалық Bybit карта ғана бола алады. Картаны тоқтатқаннан кейін қайта өтініш бере аласыз.




Виртуалды картаны мақұлдауға қайта өтініш беру санына шектеу бар ма?

Виртуалды картаға күніне 3 ретке дейін немесе айына 16 ретке дейін қайта өтініш бере аласыз.




Bybit карта Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay сияқты цифрлық әмияндарға қосыла ма?

Қазір Google Pay Қазақстандағы барлық карталар үшін қолжетімді. Apple Pay & Samsung Pay қазіргі уақытта қолдау көрсетілмейді.




Bybit карта қандай валюталарды қолдайды?

Bybit карта бір фиат валютасынан және бірнеше криптоактивтен тұрады.

  1. Қолдау көрсетілетін фиат валюта: USD
  2. Қолдау көрсетілетін криптовалюталар: BTC, ETH, XRP, USDT, USDC және TON




Қаржыландыру аккаунтымда бірнеше қолдау көрсетілетін криптовалюта бар. Bybit карта транзакциялары үшін қай крипто қолданылады және қандай ретпен?

Bybit карта транзакциялары үшін төлем криптовалютасының 6 түріне дейін таңдай аласыз. Әдепкі басымдық реті: USDT > USDC > TON > BTC > ETH > XRP. Дегенмен, Картаны басқару тақтасы бетінде шығын валюталарын басқаруға, яғни қосуға, алып тастауға немесе ретін өзгертуге болады.


Төлеу батырмасын басқанда қалқымалы терезе ашылады. Онда:

a) ретін жоғары-төмен сүйреп өзгертуге немесе

b) тізімдегі монеталарды қосуға және алып тастауға болады.


Осыны аяқтағаннан кейін Bybit карта арқылы сатып алу жасай аласыз, ал жүйе сіз орнатқан төлем басымдығын қолданады.





Мен жеке басымды растауды (верификациямды) аяқтадым, неге Bybit картаға өтініш беру кезінде қайтадан растаудан (верификациядан) өтуім керек?

Bybit карта үшін Жеке басты растауға қойылатын талаптар қатаңырақ. Сондықтан Bybit Kazakhstan аккаунтыңыз бойынша Жеке басты растауды бұрын аяқтаған болсаңыз да, Bybit картаға өтініш беру кезінде оны жаңарту талап етілуі мүмкін.

Bybit картаға өтініш беру жөніндегі нұсқаулық туралы толығырақ ақпарат алу үшін осы жерге жүгініңіз.




Bybit картаға байланысты қандай комиссиялар бар?

Комиссиялар мен Лимиттер бөліміне жүгініңіз.




Bybit Card-ты қалай белсендіруге болады?

Өтінішіңіз мақұлданғаннан кейін, сіз Bybit картаңызды бірден пайдалана бастай аласыз — қосымша белсендіру(активация) талап етілмейді.




Bybit карта баптауларында телефон нөмірімді өзгерте аламын ба?

Иә, Bybit картаға байланыстырылған нөмірді өзгертуге болады және ол Bybit карта транзакциялары үшін пайдаланылады. Бұл нөмір сіздің Bybit Kazakhstan аккаунтыңыздан бөлек жұмыс істейтінін ескеріңіз.


Егер Bybit Kazakhstan аккаунтыңызға байланыстырылған ұялы телефон нөмірін өзгерткіңіз келсе, осы нұсқаулыққа жүгініңіз.




Шетелдегі транзакциялар үшін Bybit картаны қалай белсендіремін?

Bybit картаны шетелдегі транзакциялар үшін бөлек белсендірудің қажеті жоқ.




Физикалық Bybit картаға өтініш бере аламын ба?

Иә. Алайда физикалық картаға өтініш бермес бұрын, алдымен виртуалды Bybit карта алуыңыз керек. Bybit картаға өтініш беру туралы толығырақ ақпарат алу үшін осы мақаланы қараңыз.


Ескертпе: Физикалық карта пайдаланушыларға кезең-кезеңімен қолжетімді болады. Егер сіз қазір оған жарамды болмасаңыз, күту тізіміне қосылыңыз.




Физикалық картаны шығару комиссиясын Bybit Pay арқылы төлей аламын ба?

Иә. Пайдаланушылар физикалық картаны шығару комиссиясын картаға өтініш беру барысында Bybit Pay арқылы төлей алады.




Менде виртуалды карта бар. Неге физикалық картаға өтініш бергенде “Ел/Өңірге қолдау көрсетілмейді” деген қалқымалы хабарлама шығады?

Физикалық карта пайдаланушыларға кезең-кезеңімен қолжетімді болады. Егер сіз қазір жарамды болмасаңыз, күту тізіміне қосылыңыз.





Менің Bybit картам қашан жеткізіледі?

Bybit картаңыз өтінішіңіз сәтті жіберіліп, жеткізу ақысы төленгеннен кейін шамамен 30 күн ішінде жөнелтіледі деп күтіледі. Жеткізу мерзімі орналасқан жеріңізге және курьерлік қызметке байланысты өзгеруі мүмкін.




Төмендегі жеткізу статустары нені білдіреді?


Статус

Сипаттамасы

Өтініш

Картаға тапсырыс берілді, бірақ ол әлі жеткізуге өңделген жоқ.

Жөнелтуге дайын

Карта тапсырысы өңделіп, жөнелтуге жоспарланды, бірақ әлі қоймадан немесе жөнелту орталығынан шыққан жоқ.

Жеткізіліп жатыр

Карта қазір жолда және көрсетілген жеткізу мекенжайына бара жатыр.


Логистикалық қызмет көрсетуші картаңызды екі рет жеткізуге тырысады, сондықтан телефон немесfе электрондық пошта арқылы келетін хабарламаларды бақылап отырыңыз. Сонымен қатар, сәлемдемеңіз үшін 30 күндік сақтау мерзімі болады. Осы мерзім өткеннен кейін карта курьер қоймасына қайтарылады және тағы 7 күннен кейін жойылады.

Жеткізілді

Карта межелі жеріне сәтті жетіп, алушыға табысталды.




Картаны шығару немесе жеткізу ақысы қайтарыла ма?

Жоқ. Картаға өтініш жіберіліп, жеткізу ақысы төленгеннен кейін, тіпті өтінішті жойсаңыз да, бұл комиссия ешбір жағдайда қайтарылмайды.




Жеткізу үшін қосымша төлемдер бар ма?

Bybit Kazakhstan тек картаны жеткізу ақысын алады. Алайда еліңізге немесе өңіріңізге байланысты үшінші тарап қызмет көрсетушілері кедендік баж, жергілікті салықтар немесе курьерлік өңдеу ақысы сияқты қосымша төлемдер алуы мүмкін.




Егер менің Bybit картаға берген өтінішім қабылданбаса, шағымдана аламын ба?

Иә. Өтінішіңізді қайта қарау туралы сұрауды осы жерден жібере аласыз. Алайда Bybit Kazakhstan тәуекелді ішкі бағалау негізінде кез келген өтінішті қабылдамау туралы соңғы шешімді өз қалауы бойынша қабылдау құқығын өзінде қалдырады.




Bybit картаға қаражатты қалай енгіземін?

Bybit картаның өзінің жеке әмиян балансы жоқ. Оның орнына қаражат Қаржыландыру аккаунтыңыздан алынады. Сондықтан Bybit картаны пайдалану үшін Қаржыландыру аккаунтыңызда жеткілікті қаражат бар екеніне көз жеткізуіңіз керек.


Сіз Қаржыландыру аккаунтыңызға фиат немесе криптовалютаны Бір Шертіп Сатып Алу функциясы арқылы сатып алу арқылы қаражат енгізе аласыз. Сондай-ақ басқа платформалардан немесе әмияндардан криптовалюта енгізуге болады. Криптовалютаны қалай сатып алу туралы нұсқаулықты осы жерден таба аласыз.




Bybit картаны қалай пайдаланамын?

Bybit картаны Mastercard қабылдайтын кез келген саудагерде пайдалана аласыз. Bybit карта Mastercard алдын ала төленген картасы екенін ескеріңіз. Сондықтан оны кредиттік карта транзакциялары үшін пайдалана алмайсыз. Bybit картаны заңсыз пайдалану тыйым салынады және ол картаның тоқтатылуына әкелуі мүмкін.


Bybit карта арқылы төлем жасауды үйрену үшін осы жерді басыңыз.




Бір уақытта қанша Bybit карта ұстай аламын?

Бір уақытта сізде бір ғана белсенді виртуалды карта бола алады. Картаны тоқтатқаннан кейін қайта өтініш бере аласыз.




Bybit картаның жарамдылық мерзімі қанша?

Bybit карта 3 жыл бойы жарамды. Виртуалды карта мерзімі аяқталғаннан кейін автоматты түрде жаңартылады.




Bybit карта деңгейін қалай көтеремін?

Bybit карта деңгейі сіздің Bybit Kazakhstan аккаунтыңыздың VIP деңгейіне сәйкес келеді. Әртүрлі VIP деңгейлеріндегі Bybit карта артықшылықтары туралы толығырақ ақпарат алу үшін осы жерді қараңыз.




Bybit карта бойынша шығын лимиттерін өзгерте аламын ба?

Жоқ. Толығырақ ақпарат алу үшін Комиссиялар мен Лимиттер бөліміне жүгініңіз.




Bybit карта бойынша ай сайынғы үзінді көшірме бола ма?

Жоқ, Bybit карта бойынша ай сайынғы үзінді көшірме ұсынылмайды.




Егер менің Bybit Kazakhstan аккаунтым тоқтатылса, Bybit картам уақытша тоқтатыла ма?

Bybit картаңыз тоқтатылмайды. Алайда Bybit Kazakhstan аккаунтыңыз тоқтатылған болса, Bybit карта транзакциялары сәтсіз аяқталады.




Егер менің Bybit картам жоғалса немесе ұрланса, не істеуім керек?

Bybit картаңыздың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы дереу хабарлаңыз. Процесс туралы толығырақ білу үшін Қауіпсіздік және Растау бөліміне жүгініңіз.




Физикалық Bybit картаға өтініш жібергеннен кейін жеткізу мекенжайын өзгерте аламын ба?

Иә, жеткізу мекенжайын Картаны Басқару Тақтасы бетіндегі Қате мекенжай? батырмасын басу арқылы өзгерте аласыз. Картаға өтініш бергеннен кейін мекенжайды өзгерту үшін шығару комиссиясы алынатынын ескеріңіз.


Веб-сайтта

Мобильді Қосымшада




Физикалық Bybit картамды алу қанша уақытты алады?

Bybit карта командасы физикалық Bybit картаны мекенжайыңызға мүмкіндігінше тез жеткізуді ұйымдастырады. Сұраныстың жоғары болуына байланысты жеткізуде кідіріс болуы мүмкін, сондықтан сабырмен күтіңіз. Әдетте карта еліңізге және пошта аймағыңызға қарай 7–10 жұмыс күні ішінде жеткізіледі. Болжамды жеткізу мерзімін тексеру үшін ресми DHL логистикалық қызметінің веб-сайтына жүгініңіз.




Физикалық Bybit картамды қашан белсендіруім керек?

Физикалық Bybit картаны оны алғаннан кейін белсендіре аласыз. Физикалық картаны қалай белсендіру туралы толығырақ білу үшін осы мақаланы қараңыз.




Физикалық Bybit картаны белсендірудің соңғы мерзімі бар ма?

Жоқ, физикалық Bybit картаны белсендірудің соңғы мерзімі жоқ.




Мен бұрын физикалық Bybit картамды тоқтатқанмын. Оған қайта тапсырыс бере аламын ба?

Иә, егер сіз бұрын физикалық Bybit картаны тоқтатқан болсаңыз, жаңасына қайта тапсырыс бере аласыз. Қадамдарды осы жерден көре аласыз.




Физикалық Bybit картамен байланыссыз төлем жасай аламын ба?

Физикалық Bybit картамен байланыссыз төлемді байланыссыз төлемді қолдайтын сату нүктесі (POS) терминалдары бар бөлшек сауда орындарында жасай аласыз.




Bybit картамен банкоматтан қолма-қол ақшаны қалай шешіп аламын?

Қолма-қол ақшаны физикалық Bybit карта және виртуалды карта арқылы банкоматтардан шешіп ала аласыз. Алайда қолжетімді шешіп алу тәсілі карта түріне және банкоматқа байланысты өзгеруі мүмкін.

  1. Физикалық карта: Mastercard/Visa қолдайтын әлемнің кез келген банкоматынан қолма-қол ақша шеше аласыз. Ол үшін банкоматтан Mastercard/Visa логотипін іздеңіз.
  2. Виртуалды карта: виртуалды карталар үшін банкоматтан шешіп алу мүмкіндігі банкомат операторына және жергілікті желі қолдауына байланысты болады. Банкоматтағы байланыссыз төлем логотипін тауып, NFC технологиясын қолдайтын банкоматты қолданып көруге болады. Қолжетімділік өңір мен банкке байланысты өзгеруі мүмкін екенін ескеріңіз.



Bybit карта бойынша банкомат комиссиялары мен лимиттері бар ма?

Иә. Айына 100 USD-тен асатын кез келген қолма-қол ақша шешіп алу сомасына 2% банкомат комиссиясы қолданылады. Бұған қоса, 2% шетел валютасын айырбастау (FX) және/немесе криптовалютаны айырбастау комиссиясы қолданылуы мүмкін.


2% FX комиссиясы трансшекаралық сатып алуларға да қолданылатынын ескеріңіз, яғни Қазақстаннан тыс жерде жасалған транзакцияларға, тіпті транзакция USD валютасында есептелсе де. Бұл түзету трансшекаралық өңдеу шығындарын жабуға көмектеседі.


Толығырақ ақпарат алу үшін Комиссиялар мен Лимиттер (Bybit карта) мақаласына жүгініңіз.




Физикалық Bybit карта үшін ауыстыру картасына қалай тапсырыс беремін?

Егер физикалық Bybit картаңыз бүлінген болса, жұмыс істемесе немесе оның жоғалғаны туралы хабарлаған болсаңыз, осы жердегі қадамдарды орындап, Bybit картаңызға ауыстыру картасын тапсырыс ете аласыз.


Was it helpful?