Bybit Картаға Кіріспе

logo
Соңғы жаңарту: 2026-10-16 08:25:19
Бөлісу

Bybit карта — бұл қаражатыңызға кез келген жерде және кез келген уақытта оңай әрі қауіпсіз қол жеткізуге мүмкіндік беретін Mastercard алдын ала төленген картасы, әрі ол сіздің крипто жолыңыздағы таптырмас серік болады.


Криптоңызды фиатқа сенімді әрі ыңғайлы түрде айналдырып, күнделікті өмірде еркін пайдалану мүмкіндігін ұсынатын Bybit карта криптовалютаны күнделікті тіршілігіңізге барынша тиімді енгізуге көмектеседі — сіз онлайн және шетелдік транзакцияларға бірден қол жеткізе аласыз.


Сіз Bybit Kazakhstan ұсынатын сауда өнімдерінің толық топтамасынан тапқан табысыңызды пайдаланып, сатып алуларыңызды бірден төлей аласыз.




Артықшылықтары

  1. Mastercard қабылдайтын 90 миллионнан астам саудагерде пайдаланылады
  2. Төлем жасауға арналған бірнеше криптовалюта нұсқасы бар
  3. Қызықты Адалдық Марапаттары Бағдарламасы
  4. 24/7 көптілді клиенттерді қолдау қызметі




Bybit карта қалай жұмыс істейді

Bybit карта 1 фиат валютасын және 6 криптоактивті қолдайды. Bybit картаңызға тағайындалатын фиат валюта Кеңейтілген Жеке Басты Растау (Верификация) барысында көрсетілген елге байланысты анықталады. Мысалы, егер сіздің Жеке Басты Растауыңызбен байланыстырылған ел Қазақстан болса, онда сіздің Bybit картаңыз USD валютасында ашылады, ал USD қаражат Қаржыландыру аккаунтыңыздан шегеріледі. Егер транзакцияны жүргізуге USD жеткіліксіз болса, қалған соманы жабу үшін криптовалюта пайдаланылады.


Қолданылатын криптовалютаға келсек, Bybit карта транзакциялары үшін өзіңіз қалаған төлем криптовалютасын Менің Bybit Картам бетінде таңдай аласыз. Қазіргі таңда BTC, ETH, XRP, USDT, USDC және TON криптовалюталары қолдау көрсетіледі. Bybit карта арқылы сатып алу жасағанда, жүйе сіз орнатқан төлем басымдығы тәртібін сақтайды. Шығын жасауға арналған валюталарды қалай басқару керектігін білу үшін осы ЖҚС (Жиі Қойылатын Сұрақтар) бөліміне жүгініңіз.



Транзакция барысында алдымен Қаржыландыру аккаунтыңыздағы фиат теңгерімі шегеріледі, ал фиат қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, таңдалған криптовалюта бойынша төлем опциясы қолданылады. Транзакцияны жүргізуге фиат жеткіліксіз болса, криптовалюта Bybit Бір Шертіп Сату айырбастау бағамы және Bybit картадағы 0.9% криптовалютаны айырбастау комиссиясы негізінде автоматты түрде айырбасталатынын ескеріңіз. Комиссиялар туралы толығырақ білу үшін осы жерге кіріңіз.






Bybit Виртуалды және Физикалық Карта

Біз Bybit картаның виртуалды және физикалық түрлерін де қолдаймыз. Виртуалды Bybit карта арқылы өтінішіңіз сәтті мақұлданғаннан кейін онлайн төлем жасай аласыз, ал физикалық Bybit карта арқылы онлайн төлемдермен қатар, байланыссыз төлемді қолдайтын POS терминалдары бар бөлшек сауда орындарында да байланыссыз төлем жасай аласыз.


Ескертпе: Қазіргі уақытта банкомат арқылы жасалатын транзакцияларға қолдау көрсетілмейді.





Bybit картаны белсендіру (активациялау) процесін және оның транзакция жасау механизмдерімен толығырақ танысу үшін төмендегі мақалаларға жүгініңіз:

  1. Bybit картаға қалай өтініш беруге болады
  2. Bybit карта транзакциялары қалай жұмыс істейді
Was it helpful?