Тақырыптар
    Жиі қойылатын сұрақтар – Bybit Қазақстандағы кіріс пен қаражат көзіңізді растау
    bybit2025-09-04 12:47:51

    KYC-верификациядан өту барысында, сондай-ақ кейбір жағдайларда Bybit Kazakhstan платформасында транзакцияларды тексеру кезінде Сізден табыс көзіңізді және пайдаланылатын қаражаттың шығу тегін растау талап етілуі мүмкін.

     

     

     

    Бұл не үшін қажет?

    Бұл талап қаржылық қауіпсіздік шараларына (алаяқтықтан қорғауды қоса алғанда), сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған табыстарды жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (AML/CFT) жөніндегі заңнама мен халықаралық стандарттарды сақтау қажеттілігіне байланысты.

     

     

     

    Неліктен Bybit Kazakhstan бұл деректерді сұратады?

    Платформа заңнамалық және нормативтік талаптарды қатаң сақтайды. Қаражаттың шығу көзін растау —верификацияның негізгі бөлігі, бұл

    • тексеруді жеделдетуге;

    • тәуекелдерді барынша азайтуға;

    • реттеуші талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етуге;

    • платформаның барлық функцияларына қол жеткізуді ұсынуға мүмкіндік береді.

     

     

     

    Сауалнамада нені көрсету қажет?

    Тексеру сауалнамасында Сізге бірнеше қарапайым сұрақтарға жауап беру қажет болады. Бұл көп уақыт алмайды — шамамен 2–3 минут, бірақ ол Сіздің қаржылық профиліңізді жақсы түсінуге көмектеседі.

     

    Шынайы және нақты жауап беруіңізді өтінеміз, бұл верификация кезінде кідірістердің алдын алуға мүмкіндік береді. Ең маңызды сұрақтардың бірі — Bybit Kazakhstan платформасында инвестиция үшін пайдалануды жоспарлаған қаражаттың шығу көзін көрсету.

     

     

     

    Қандай сұрақтарға жауап беру қажет болады?

    Сауалнамада Сізге қаржылық профиліңізді құруға және ықтимал тәуекелдерді бағалауға көмектесетін бірнеше міндетті сұрақтар ұсынылады. Төменде көрсетілуі тиіс негізгі мәліметтердің қысқаша шолуы берілген:

     

     

     

    • Сіздің ағымдағы мәртебеңіз

    Өзіңіздің қазіргі жағдайыңызға сәйкес келетін санатты таңдаңыз: жалдамалы жұмыста істейсіз бе, бизнес жүргізесіз бе, оқисыз ба, зейнеткерсіз бе немесе жұмыссызсыз ба. Сонымен қатар бірнеше рөлдерді қатар атқаруыңыз мүмкін (мысалы, студент-жұмыспен қамтылған, зейнеткер-жұмыспен қамтылған) — мұндай икемділік те қарастырылған.

     

    • Сіздің нақты жылдық табысыңыз

    Қазіргі және құжатпен расталатын табысты көрсетіңіз. Платформадағы саудадан күтілетін немесе болжамды табысты енгізбеңіз. Біз табыстың ыңғайлы диапазондарын ұсынамыз. Егер бірде-бір нұсқа сәйкес келмесе, «Басқа» тармағын таңдап, өзіңіздің мәніңізді енгізе аласыз.

     

    • Негізгі табыс көзі

    Платформада пайдалануды жоспарлаған қаражаттың қайдан түсетінін нақтылаңыз: ол жалақы, жинақ, бизнес немесе инвестициялардан түскен табыс, отбасы тарапынан көмек немесе криптовалютаны майнинг арқылы алынған табыс болуы мүмкін.

     

     

     

    Неліктен нақты деректерді көрсету маңызды?

    Біз сізден болжамды немесе қалаған табысты емес, нақты табыс пен қаражаттың шығу көзін көрсетуді сұраймыз. Бұл:

    • тексеру процесін жеделдетуге;

    • қосымша сұранымдар мен кідірістерден аулақ болуға;

    • платформаның барлық функцияларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

     

    Барлық ақпарат құжат жүзінде расталуы тиіс. Сіз көрсеткен деректерді растайтын ресми құжаттарды жүктеуіңіз қажет. Бұл — халықаралық стандартты тәжірибе.

     

     

     

    Қандай құжаттар жарамды?

    Құжаттар тізімі сіздің ағымдағы мәртебеңізге (мысалы, студент, жұмысқа орналасқан (жалдамалы қызметкер), кәсіпкер және т.б.) және қаражат көзіне сәйкес анықталады. Құжаттардың толық тізімі мақаланың келесі бөлімінде берілген.

     

    Егер бірнеше табыс көзіңіз болса

    Сіздің табысыңыз бірнеше көзден қалыптасуы мүмкін. Бұл жағдайда:

    • Әрбір табыс көзі бойынша құжаттарды, сауалнамада көрсетілген негізгі категорияға қарамастан, жібере аласыз;

    • Бір ғана категориямен шектелудің қажеті жоқ (мысалы, тек «студент» немесе тек «жұмысқа орналасқан»).

     

    Мысалы

    • Студент-жұмысқа орналасқан: студенттік стипендияны/студент мәртебесін растайтын құжаттарды да, «жұмысқа орналасқан тұлғалар» санаты бойынша құжаттарды да ұсыныңыз.

    • Жұмысқа орналасқан тұлға + Жеке кәсіпкер (ЖК): еңбек шартының көшірмесін және/немесе соңғы бір жылдағы тұрақты жалақы түсімдерін көрсететін банк үзіндісін, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтен түскен табысты растайтын құжаттарды қоса беріңіз.

     

    Жалпы талаптар

    • Құжат анық әрі толық болуы тиіс, қиылмаған және өңделмеген;

    • Ресми мөрі/қолы бар скан немесе PDF нұсқасы;

    • Құжатта беруші тараптың күні мен деректері көрсетілуі тиіс;

    • Құжат табыс немесе активтердің сомасын қамтуы тиіс.

     

     

    Маңызды: Біз иесінің аты-жөні көрсетілмеген скриншоттарды немесе табыс көзін растауға мүмкіндік бермейтін құжаттарды қабылдамаймыз.

     

     

     

     

    Ұсынылатын құжаттар тізімі

    Сіздің категорияңызға байланысты табыс және/немесе қаражат көзін растау үшін төменде көрсетілген құжаттардың бірін немесе бірнешеуін ұсына аласыз:

     

    Тұлғалардың санаты

    Растайтын құжаттар

    1. Жұмысқа орналасқан (жалдамалы қызметкер)

    - Еңбек шартының көшірмесі және/немесе соңғы бір жылдағы жалақының тұрақты аударымдарын көрсететін банк үзіндісі; немесе

    - Жалақыны қолма-қол алатын жағдайда лауазымы мен жалақы мөлшері көрсетілген жұмыс орнынан анықтама; немесе

    - Соңғы бір жылға немесе толық еңбек ету кезеңіне арналған есеп айырысу немесе төлем ведомосының көшірмесі.

    2.Бизнес иесі / Жеке Кәсіпкер

    Келесі құжаттарды ұсыну қажет:

    - ЖК/Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; және

    - Соңғы есепті жылға арналған салық декларациясы, мемлекеттік кірістер органы салықтық есептілікті қабылдағаны туралы хабарламамен бірге.

    3. Зейнеткерлер

    - Cоңғы бір жылдағы зейнетақы төлемдерін растайтын банк үзіндісі.

    4. Мұрагерлер / Сый алушылар

    - Мүліктің ауысуын растайтын мұрагерлік құқық туралы куәлік; немесе

    - Сыйға тарту шарты және қаражаттың түсуін растайтын банк үзіндісі; немесе

    - БЖЗҚ-дан үзінді (зейнетақы жинақтарын мұраға алу жағдайында) және мұраға қалған зейнетақы қаражатының түсуін растайтын банк үзіндісі; немесе

    - Активтерді алуды растайтын нотариалды куәландырылған құжаттар.

    5. Инвесторы

    - Выписка с брокерского, инвестиционного счёта; или

    - Уведомление о выплате дивидендов и банковская выписка, отражающая поступление дивидендов; или

    - Банковская выписка с поступлениями от инвестиций; или

    - Отчёты/скриншоты из инвестиционных/крипто платформ; или

    - Подтверждение наличия цифровых активов на криптобиржах (выписки или отчёты о балансе и истории операций).

    6. Студенттер

    Еркін нысандағы түсіндірме хат келесі сұрақтарға жауаптармен бірге:

    Сіздің табысыңыз қандай жолмен қалыптасады және Bybit Kazakhstan платформасында операциялар жүргізу үшін пайдалануды жоспарлап отырған қаражат қандай көздерден түседі?

    Сонымен қатар төменде көрсетілген құжаттардың бірін қоса беру қажет:

    - Стипендия алушы болған жағдайда стипендияның тағайындалғаны туралы анықтама немесе соңғы 6 айдағы стипендияның тұрақты түсуін растайтын банк үзіндісі; немесе

    - Ата-анадан түскен қаражатты растайтын банк үзіндісі және туыстықты растау үшін туу туралы куәлік; немесе

    - Қаржылық қолдауды растайтын ата-ананың (демеушілердің) хаты және туыстықты растау үшін туу туралы куәлік.

    7. Жұмыссыз

    Еркін нысандағы түсіндірме хат келесі сұрақтарға жауаптармен бірге:

    Сіздің табысыңыз қандай жолмен қалыптасады және Bybit Kazakhstan платформасында операциялар жүргізу үшін пайдалануды жоспарлап отырған қаражат қандай көздерден түседі?

    Сонымен бірге төменде көрсетілген құжаттардың бірін қоса беру қажет:

    - Қалдық пен қаражат қозғалысын растайтын банк үзіндісі; немесе

    - Бұрын алынған жинақтар / активтерді сату туралы құжаттар; немесе

    - Жәрдемақы алу фактісін растайтын құжат (қолданылған жағдайда); немесе

    - Жинақтар / депозиттердің барын растайтын үзінді.

    8. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған / Фрилансер

    - eGov порталынан Қазақстан Республикасында алынған табыстар туралы анықтама; немесе

    - Соңғы бір жылдағы өзге тараптардан түскен қаражатты растайтын банк үзіндісі қоса берілген азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (АҚШ); немесе

    - Төлем шоттары, мердігерлік шарттар және соңғы бір жылдағы өзге тараптардан түскен қаражатты растайтын банк үзіндісі; немесе

    - Соңғы бір жылдағы төлемді растайтын банк үзіндісі қоса берілген орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің актілері; немесе

    - Соңғы есепті кезеңге арналған салықтық есептілік және соңғы бір жылдағы банк үзіндісі.

    9. Жалға берушілер

    - Справка Ф-6 (о наличии недвижимости) с портала eGov и банковская выписка, отражающая поступления арендных платежей за минимум 6 месяцев; или

    - Договор аренды и банковская выписка, подтверждающая поступления арендных платежей за минимум 6 месяцев; или

    - Налоговая декларация, отражающая доход от сдачи имущества в аренду за последний отчетный период; или

    - Нотариально заверенное согласие на сдачу имущества в аренду (в случае долевой собственности) и банковская выписка, отражающая поступления арендных платежей за минимум 6 месяцев.

    10. Мүлікті сатудан табыс алған тұлғалар

    - Мүлікті (пәтер, үй, автомобиль, жер учаскесі) сату-сатып алу туралы нотариалды куәландырылған шарт және сатып алушыдан қаражаттың түсуін растайтын банк үзіндісі;

    - Қолма-қол есеп айырысқан жағдайда қолхат немесе ақша қаражатын қабылдап-беру туралы акт;

    - Мүлікті сатудан түскен табыс декларацияланған жағдайда салық декларациясы (қолданылған жағдайда).

     

     

     

     

    МАҢЫЗДЫ:

    Верификация аясында құжаттар мен ақпаратты ұсына отырып, Сіз барлық берілген мәліметтердің толық, дәл және шынайы екенін растайсыз. Біз осы деректерге табыс көзін және қаражаттың шығу тегін тексеру барысында сүйенеміз.

     

    Толық емес немесе жалған мәліметтер тексеру нәтижесіне және платформаның функцияларына қол жеткізуге әсер етуі мүмкін.

     

    Анкетаны толтыруға және құжаттарды жүктеуге мұқият қарауыңызды сұраймыз.

    Was it helpful?
    yesYesyesNo