Оңай (Жеңіл) Опциондармен жұмысты қалай бастауға болады

logo
Соңғы жаңарту: 2026-10-26 04:29:13
Бөлісу

Төменде Bybit Kazakhstan платформасында Оңай Опциондар арқылы алғашқы ордеріңізді орналастыруға арналған қадамдық нұсқаулық берілген.



Оңай Опциондар бетіне өтіңіз

Bybit Kazakhstan Оңай Опциондарына кіру үшін алдымен Bybit Kazakhstan мобильді қосымшасын ашыңыз. Басты беттен Сауда бөлімін таңдап, Опциондар түймесін басыңыз.




Осыдан кейін сіз Bybit Kazakhstan Опциондары бетіне өтесіз, онда опцион саудасындағы тәжірибеңізге қарай үш режимнің бірін таңдай аласыз.


Опциондарға Шолу

Опциондармен сауда жасауды енді бастап жатқан трейдерлер ашық қызығушылық, соңғы 24 сағаттағы баға өзгерісі және басқа да көрсеткіштер бойынша үздік опцион контракттарын көру үшін Шолу бөлімін баса алады. Одан кейін ордер орналастыру үшін Ордер бетіне өту мақсатында кез келген контракт карточкасын басыңыз.



Шолу режимінде қолжетімді контракттар төмендегідей:


Жақын Арада Аяқталатындар

Алдағы 12 ~ 36 сағат ішінде аяқталатын, бағасы қолжетімді әрі өтімділігі жоғары үздік опцион келісімшарттары. Сондықтан олар опциондар саудасын жаңадан бастаған трейдерлер үшін қолайлы

Үздік Таңдаулар

Соңғы 24 сағаттағы сауда көлемі бойынша іріктелген, өтімділігі жоғары және трейдерлер арасында танымал үздік опцион келісімшарттары

Бүгінгі Көшбасшылар

Соңғы 24 сағаттағы баға өсімі (%) бойынша іріктелген, трендте тұрған және серпіні жоғары үздік опцион келісімшарттары

Ең Жоғары Ашық Қызығушылық (Үздік Холдингтер)

Ашық қызығушылық көлемі бойынша үздік опцион келісімшарттары, олар нарықтың жақсы тереңдігін ұсынады

Ірі Сауда-саттықтар

Сауда көлемі ең жоғары соңғы сауда-саттықтар, бұл кәсіби капиталдың қызығушылығын көрсетуі мүмкін


Опциондар саудасы бойынша тәжірибесі көбірек трейдерлер инвестиция жасау үшін Оңай(Жеңіл) немесе Кәсіби режимге өте алады.





Оңай (Жеңіл) Опциондар

Оңай режимде трейдерлер күрделі графиктерді оқу мен нарық талдауын айналып өтіп, опцион келісімшарттарын тікелей сатып ала алады. Қадамдары төмендегідей:


  1. Ашылмалы мәзірден қалаған монета түрін таңдаңыз.
  2. Баға өссе пайда немесе Баға түссе пайда таңдауы арасында ауысып, Колл немесе Пут опционын сатып алуды таңдаңыз.
  3. Қолжетімді келісімшарттар тізімін аяқталу күндеріне қарай сүзгіден өткізіңіз.
  4. Ашылмалы мәзірден бағаны таңдау арқылы орындау бағасы диапазонының өлшемшарттарына сай келетін келісімшарттарды табыңыз.
  5. Келісімшарт картасынан келісімшарт атауы, бағасы, аяқталу мерзімі және пайда ықтималдығы сияқты негізгі көрсеткіштерді қарап шығыңыз.




Оңай режимде опцион сатып алу үшін Сатып алу бетіне өту мақсатында келісімшарт картасын басыңыз.


Сатып алу бетінде инвестицияланатын соманы енгізіңіз. Осы бетте сіз ордер(тапсырыс) құнын, аяқталу күнін, пайда алу шарттарын, пайда ықтималдығын, левереджді және пайда-шығын талдауын көре аласыз.



Жоғарыдағы Пайда-шығын талдауы графигінде ағымдағы нарықтық баға, белгілеу бағасы негізінде модельденген пайда-шығын, шығынсыздық нүктесі және модельдеу кезіндегі оңтайлы пайда-шығын жағдайлары көрсетіледі. Мәліметтерді қарап шыққаннан кейін трейдерлер келісімшартты сатып алу үшін Сатып Алу түймесін баса алады.


Сонымен қатар, трейдерлер жоғарғы оң жақ бұрыштағы Мәліметтер (Толығырақ) батырмасын басып, Опцион атауы, ағымдағы ең жақсы сату/сатып алу бағасы, келісімшарттың соңғы 24 сағаттағы сауда көлемі және соңғы 24 сағаттағы баға өзгерісі (%) сияқты маңызды ақпаратты көре алады.







Кәсіби Опциондар

Кәсіби режим опцион келісімшарттарының классикалық көрінісін ұсынады. Трейдерлер Колл немесе Пут опциондарын сатып алуды не сатуды таңдай алады, сондай-ақ қалаған аяқталу күнін таңдау үшін солға немесе оңға сырғыта алады.









Ордерлер тарихы мен қосымша сауда мүмкіндіктеріне қол жеткізу

Ордерлер тарихын көру үшін беттің жоғарғы оң жақ бұрышындағы жазбалар белгішесін басыңыз. Бұрынғы барлық опцион ордерлеріңізді табу үшін нарық сүзгісінен Барлық Опциондар бөлімін таңдауға болады.



Опциондар бетінде қосымша сауда функцияларына қол жеткізу үшін көп нүкте белгішесін де басуға болады.


Бұл жерде сіз Опциондар Деректері мен Опциондар Білім Орталығы бөлімдеріндегі ақпаратты көре аласыз, сауда баптауларын орната аласыз, әртүрлі маржа режимдерін таңдай аласыз, опцион стратегияларын модельдей аласыз және Дельта Динамикалық Хеджирлеуді (ДДХ) қоса аласыз.



Was it helpful?